• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 14 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

ЖИҺАД НЕ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ? (-3-)

20.04.2024
in Руханият
ЖИҺАД НЕ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ? (-3-)

Ол: «Ата-анаң тірі ме?» — деп сұрады. Ол: «Иә», — деп жауап берді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Онда олардың жолында жүріңдер» деген. Шейх Абдулазиз Мансур айтады: «Егер жиһад исламдық мемлекет құру немесе адамдарды дінді қабылдауға мәжбүрлеу үшін енгізілген болса. Алла Елшісінің (с.а.с.) өзі бұл тұрғыда үлгі болар еді. Яғни, Ол (с.а.с.) бірінші болып Меккедегі мүшріктерге үлкендерімен соғысу және исламдық мемлекет құру үшін жиһад жариялаған болар еді. Алайда, Пайғамбар (с.а.с.) мұны жасамаған. «Әсіресе, мұсылман қауымы пайда болған кезде олар жиһадқа оны қорғау үшін ғана барды».
Қазіргі таңдағы ең үлкен жиһад – сауатсыздықпен күрес. Мұсылмандардың соңғы ғасырларда артта қалуларының, көптеген саяси ойындардың құрбанына айналуларының, экономикалық күйзеліске ұшырауының бірден-бір себебі – сауатсыздық, кедейлік пен ішкі алуыздық. Білім мен дін – бір-бірін толықтыратын егіз ұғым. Дінсіз ғылым ақсақтық болса, ғылымсыз дін соқырлыққа тең. Сондықтан мұсылмандар үшін ең қатерлі дұшпан – сауатсыздық, білім деңгейінің төмендігі, біліктіліктің аздығы, жаңа технологияны ойлап табуды былай қойғанның өзінде өзгелердің технологиясын да сауатты қолдана алмаулары. Осының бәрі – мұсылмандардың дамымай артта қалуларының негізгі себептері. Ендеше, бүгінгі таңдағы жиһад қылыштан гөрі қаламға, сойылдан гөрі ғылымға сүйенбек.
Қорыта келе айтарымыз, жиһадты қанды соғыс, не кәпірлермен күрес деп түсінбеуіміз қажет. Жиһад ізгі ниетпен, қоғам игілігі, ел болашағы, діннің мүддесі тұрғысынан жасалған барлық жақсылықты істі қамтиды. Бүгінгі күні арандатушы түрлі ұрандарға еріп, өз елін өгейсініп, өзге елдерге жиһадқа аттанып, жас өмірді ерте солдыру жиһадты қате түсінудің зардабы. Мұсылман құл Алланың мейірімінен үміт үзбеуі керек. Одан да туған ел мен жерді өркендетуге атсалысу, діни сауаттылыққа ұмтылып, мұсылмандық мінезімізді түзеп, адами қасиеттерімізді арттыру, жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жағдай жасау, т.б. жақсылықты істердің басы-қасынан табылу қоғам үшін нағыз керекті іс осы болмақ.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІ РУХАНИ-МӘДЕНИ МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛДЫ

ДЕНЬ АБАЯ В ШЫМКЕНТЕ ПРЕВРАТИЛСЯ В НАСТОЯЩИЙ ДУХОВНО-КУЛЬТУРНЫЙ ПРАЗДНИК

10.08.2025
ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІ РУХАНИ-МӘДЕНИ МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІ РУХАНИ-МӘДЕНИ МЕРЕКЕГЕ АЙНАЛДЫ

10.08.2025
Приветствие Президента Касым-Жомарта Токаева участникам торжественных мероприятий, посвященных 180-летию Абая Кунанбайулы

Приветствие Президента Касым-Жомарта Токаева участникам торжественных мероприятий, посвященных 180-летию Абая Кунанбайулы

10.08.2025

Түркістан облысының дін істері басқармасының
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің
Мақтаарал ауданындағы теолог маманы А. Жәлел

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды

Қазақстанда 28,9 млн тонна мал азығы дайындалды

13.09.2025
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3,4%-ға өсіп, 3,6 трлн теңгеге жетті

13.09.2025
В Шымкенте прошел Международный конгресс кардиохирургов

Шымкентте халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті

13.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған