• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 24 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ШЫМКЕНТТЕ «БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

24.11.2026
in Без рубрики
ШЫМКЕНТТЕ «БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Тарих және педагогика факультетінің ұйымдастыруымен қазақ халқының бай ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрі мен қыз баланың ибалы болмысын дәріптеген «Бұрымды қыз — ұлт көркі» атты тағылымды байқау сәтті өтті. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру, ұлттық эстетикалық талғамды қалыптастыру, қазақи тәрбие мен ерекше рухани мұраны жастар арасында кеңінен насихаттау болды.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ЭТИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ЭТИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

24.11.2026
Ұлттық ұлан қатарында 200-ге жуық өлең жазған сарбаз қызмет етеді

Ұлттық ұлан қатарында 200-ге жуық өлең жазған сарбаз қызмет етеді

24.11.2026
 «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

 «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

24.11.2026

Бүгінгі таңда жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу мен дәстүрге деген құрметін арттыру – қоғамдық келісім мен рухани жаңғырудың маңызды негізі болып табылады. Осы орайда қолға алынған бұл байқау студенттер мен оқырмандар тарапынан жоғары бағаланып, ерекше ықыласқа бөленді. Байқау барысында бұрымды арулар әлеуметтік желі арқылы өзара бақ сынасып, қалың көпшіліктің және белсенді оқырмандардың қызу қолдауына ие болды. Жастардың білім мен өнерді, әдептілік пен ұлттық өрнекті қатар ұштастыруы қатысушыларға деген зор құрмет пен қолдаудың белгісіне айналды.

Әділ қазылар алқасы мен оқырмандардың дауыс беру қорытындысы бойынша ерекше өнерімен, өзіндік сыпайылық болмысымен көзге түскен Ақмерей Нұрзин мен Айымжан Өмірәлі есімді студенттер озық шығып, арнайы марапаттарға ие болды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар ұлттық өнер мен дәстүрді ұлықтауға қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен арнайы бағаланды.

Мәнді де мазмұнды жиын аясында факультет деканы Таутаева Гүлдариға Батыршақызы сөз сөйлеп, бұрым өсірудің қазақ салт-дәстүріндегі терең тәрбиелік мәніне, отбасылық және рухани маңызына кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде қазақ қызының шашын өріп, бұрым тағуы тек сыртқы сұлулықтың белгісі емес, сонымен бірге үлкенді сыйлау, тектілік пен ар-ожданның, терең адамгершілік мәдениеттің айқын көрінісі екенін ерекше атап өтті. Тағылымды кешті деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Жұмасаева жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізіп, қатысушыларға рухани серпіліс сыйлады.

Қазақ қызының ұзын бұрымы мен сұлу болмысы – ұлттың эстетикалық талғамы мен ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан рухани мұрасының айшықты көрінісі. Мұндай мәдени-тәрбиелік шаралар жастар арасында бауырмалдықты, өзара құрметті, қоғамдағы достық пен ынтымақты нығайтуға үлкен септігін тигізеді. Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын таба береді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «БҰРЫМДЫ ҚЫЗ – ҰЛТ КӨРКІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

24.11.2026
ШЫМКЕНТТЕ «ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ЭТИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ЭТИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

24.11.2026
Ұлттық ұлан қатарында 200-ге жуық өлең жазған сарбаз қызмет етеді

Ұлттық ұлан қатарында 200-ге жуық өлең жазған сарбаз қызмет етеді

24.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған