• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 24 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

Ұлттық ұлан қатарында 200-ге жуық өлең жазған сарбаз қызмет етеді

24.11.2026
in Без рубрики
Ұлттық ұлан қатарында 200-ге жуық өлең жазған сарбаз қызмет етеді

Түркістан қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5574 әскери бөлімінде 19 жастағы ақын сарбаз Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Талдықорған облысының тумасы Серік Асхатұлы әскери қызметпен қатар шығармашылығын да жалғастырып, бүгінге дейін жинағына 200-ге жуық өлеңін топтастырған.

Оқи отырыңыз...

 «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

 «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

24.11.2026
 ТӘУЕЛСІЗДІККЕ – 35 ЖЫЛ!

 ТӘУЕЛСІЗДІККЕ – 35 ЖЫЛ!

24.11.2026
ЖАСТАР САНАСЫН ЖАТ ИДЕОЛОГИЯДАН ҚОРҒАУ – БАСТЫ МІНДЕТ!

ЖАСТАР САНАСЫН ЖАТ ИДЕОЛОГИЯДАН ҚОРҒАУ – БАСТЫ МІНДЕТ!

24.11.2026

✍️Серік бала кезінен әдебиетке жақын болды. Мектептен кейін журналистика мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түсіп, білім алды. Студенттік шағында курстастарымен бірге «Шамшырақ» атты театр ашуға да атсалысқан. Өнерге деген қызығушылығы оның шығармашылық ізденісіне жол ашты.

⭐️Жас ақынның өлеңдерінде философиялық ойлар, өмір, сезім мен адам болмысына қатысты сауалдар жиі кездеседі. Алғашқы шығармаларының бір бөлігі баянсыз махаббат тақырыбынан бастау алған. Оның айтуынша, өлең жазу үшін арнайы шабытты күтпейді. Кейде көңілде жүрген ой мен жауап іздеген сұрақтың өзі ақ параққа түсуге түрткі болады.

💬Ұландыққа қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері Мұхтар Шаханов пен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығы ерекше ұнайды. Олардың өлеңдеріндегі терең ой мен сөз өрнегі жас ақынның өзіндік ізденісіне әсер еткен. Бір қызығы, отбасында ақындық қасиеті бар адам жоқ. Соған қарамастан, ол әдебиетке деген ықыласын өз бетінше дамытып келеді.

🪖Бүгінде Серік Түркістан қаласының көшелерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында патрульдік қызмет атқарады. Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын көне шаһардың тарихи орындары, бай мұрасы мен ерекше атмосферасы жас сарбазға шығармашылық шабыт сыйлайды. Әскери ортаға келгеннен бері оның өлеңдерінде отансүйгіштік тақырыбы да кеңінен көрініс таба бастаған. Бұрын көбіне сезім мен өмір туралы толғанса, енді туған жер, елге қызмет ету, Отан алдындағы борыш секілді тақырыптарды да жырға қосып жүр.

Осылайша, әскери қызмет жас ақын үшін шығармашылығына кедергі емес, керісінше, жаңа тақырыптарға жол ашқан ортаға айналды. Күнделікті әскери міндеттерін атқара жүріп, бос уақытында қарымды қаламымен өлең қорын толықтыруды жалғастырып келеді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық ұлан қатарында 200-ге жуық өлең жазған сарбаз қызмет етеді

Ұлттық ұлан қатарында 200-ге жуық өлең жазған сарбаз қызмет етеді

24.11.2026
СОТТАҒЫ БІТІМГЕРШІЛІК – ӘДІЛДІК ПЕН КЕЛІСІМГЕ БАСТАР ЖОЛ

СОТТАҒЫ БІТІМГЕРШІЛІК – ӘДІЛДІК ПЕН КЕЛІСІМГЕ БАСТАР ЖОЛ

24.11.2026
 «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

 «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

24.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған