• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 13 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

ИДЕОЛОГИЯМЫЗДЫҢ ТІРЕГІ — МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ

25.04.2024
in Руханият
ИДЕОЛОГИЯМЫЗДЫҢ ТІРЕГІ — МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ

Қазақстан – тағдырын тарих біріктірген қаншама ұлт пен ұлыстың ортақ Отанына айналған байтақ мекен. Көпэтносты елімізде ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған. Мемлекетіміз тәуелсіз ел болғалы ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткізсе, ол – осы ынтымақ пен бірліктің арқасы.
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясы өтті.
Президент өз сөзінде Қазақстан халқы өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуі керектігін ерекше айтты.
«Азаматтарды әлеуметтік ортаға кіріктіру жүйесі Отанға деген сүйіспеншілік идеалдарын насихаттауға және халқымыздың мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеуге негізделуі керек деп санаймын. Елге қажетті құндылықтар, көзқарастар мен түсініктер қалыптастыру және қоғамдағы татулық пен келісімді нығайта түсу — аса маңызды міндет. Бұл мәселені бақылаусыз қалдыруға болмайды. Оның бәрін Ассамблея да, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар да үнемі бақылауда ұстауға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент балаларды іргелі құндылықтарға сүйене отырып тәрбиелеуге баса мән беру керектігін баса айтты.
«Өскелең ұрпақтың дүниетанымы тарихқа қатысты өкпе-реніштен, догматизмнен және мәдени стереотиптерден ада болуға тиіс. Жастардың дүниетанымы өткенді, бүгінді және болашақты біртұтас ұлтымыздың еш бөлінбейтін ортақ мұрасы ретінде эмоциясыз, саяси астарсыз шынайы қабылдауға негізделуі өте маңызды. Біз, Қазақстан халқы өзгелердің теріс ықпалына түспейтін өз идеологиямызға сүйенуіміз керек. Біздің идеологиямыздың тірегі — мемлекетіміздің Тәуелсіздігі. Ең бастысы — дұрыс сөйлеп, жақсы ниет білдіру ғана емес, нақты жұмыс істеп, игілікті іске күн сайын күш жұмсау. Оқыту-тәрбиелеу үдерісінде „Біз әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз“, „Қазақстанның халқы біртұтас“ деген қағидаттар көрініс табуға тиіс», — деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛЫ ҮЛГІСІ

ШЫМКЕНТ: ЯРКИЙ ПРИМЕР ОБЩЕСТВЕННОГО СОГЛАСИЯ И МЕЖЭТНИЧЕСКОЙ ГАРМОНИИ

06.06.2026
ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛЫ ҮЛГІСІ

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛЫ ҮЛГІСІ

06.06.2026
ЖАСТАРДЫҢ ЖЕЛІДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ОТВЕТСТВЕННОСТЬ МОЛОДЕЖИ В СЕТИ

05.06.2026

Фарит Аюпов,
Түркістан облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

12.06.2026
12 июня – Всемирный день борьбы с детским трудом

12 июня – Всемирный день борьбы с детским трудом

12.06.2026
12 маусым – Балалар еңбегіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні

12 маусым – Балалар еңбегіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні

12.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған