• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 31 мая, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСҚА ЖЕТУ ҮШІН ОРЫНДАЛУЫ ҚАЖЕТ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРДІ АЙТТЫ

25.04.2024
in Руханият
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСҚА ЖЕТУ ҮШІН ОРЫНДАЛУЫ ҚАЖЕТ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРДІ АЙТТЫ

Бүгін Түркістан қаласында онлайн режимде «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясына қатыстым.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сессия жиынында өзекті мәселелерді айтты. Сонымен қатар, бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін тілге тиек етті.
«Бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз әрі мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала береді. Табысқа жету үшін мынадай өзекті міндеттерді орындауға баса мән беру қажет. Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет. Біз Құрылтайдың Атыраудағы отырысында негізгі идеологиялық тұжырымдарды жинақтап, жүйелеп алдық. Жалпыға ортақ құндылықтарды айқындадық. Бұл – ең алдымен, Тәуелсіздік және Отаншылдық. Одан кейін – Бірлік және Ынтымақ. Келесі – Әділдік пен Жауапкершілік. Сондай-ақ – Заң және Тәртіп. Бұдан соң – Еңбекқорлық пен Кәсібилік. Және – Жасампаздық пен Жаңашылдық. Бұл – біздің саясат пен экономикадан бастап, білім мен мәдениетке дейінгі барлық саладағы бағыт-бағдарымыз», — деді Президент.
Мемлекет басшысының пайымынша, мұның бәрі халқымыздың азаматтық бірегейлігін нығайтады. Сондай-ақ еліміздің болашақ келбетін қалыптастырады. Ассамблея жұмысына арқау болып отырған қағидалар осы құндылықтармен толық үндеседі.
«Мен Ұлттық құрылтайдан соң оның қорытындысы туралы қоғамдық талқылауды жіті бақылап отырдым. Сарапшылардың және ел ісіне бей-жай қарамайтын азаматтардың пікірін, ұсыныстары мен тілектерін оқыдым. Меніңше, ой-пікірдің көпшілігі Атыраудағы Құрылтай, шын мәнінде, ұлтымыздың дамуына қатысты жаңа философия мен идеологияның бастауына айналды деген пайымға келіп тоғысады. Дегенмен, Құрылтайда айтылған жалпыұлттық доктрина, яғни тұғырнама жетекші қоғамдық институттардың барлығы қолдаса ғана толық жұмыс істей алатынын ұғынған жөн. Ондағы негізгі қағидаттарды орнықтыру ісінде Ассамблея басты рөл атқаруға тиіс», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте кәсіподақ мүшелеріне ауызашар берілді

Шымкентте кәсіподақ мүшелеріне ауызашар берілді

13.03.2026
Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам

Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам

13.03.2026
ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

28.01.2026

Уси Дециев,
Түркістан облыстық «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығы

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың 17 млрд теңге айыппұлы ел тарихындағы алғашқы әкімшілік амнистия аясында есептен шығарылады

Қазақстандықтардың 17 млрд теңге айыппұлы ел тарихындағы алғашқы әкімшілік амнистия аясында есептен шығарылады

30.05.2026
Alstom Түркістан облысындағы Арыс қаласында, Орта дәліздің негізгі теміржол тораптарының бірінде, электровоздарға арналған жаңа қызмет көрсету орталығын салуда 

Alstom Түркістан облысындағы Арыс қаласында, Орта дәліздің негізгі теміржол тораптарының бірінде, электровоздарға арналған жаңа қызмет көрсету орталығын салуда 

29.05.2026
900-ден астам қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты

900-ден астам қазақстандық әскери қызметші БҰҰ-ның бітімгерлік миссияларына қатысты

29.05.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған