• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 13 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

ПРЕЗИДЕНТ ҚОҒАМДА АЛАУЫЗДЫҚ ТУДЫРАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ӘРЕКЕТКЕ ҚАТАҢ ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ ҚАЖЕТТІГІН АЙТТЫ

25.04.2024
in Руханият
ПРЕЗИДЕНТ ҚОҒАМДА АЛАУЫЗДЫҚ ТУДЫРАТЫН КЕЗ КЕЛГЕН ӘРЕКЕТКЕ ҚАТАҢ ТОСҚАУЫЛ ҚОЮ ҚАЖЕТТІГІН АЙТТЫ

Билік елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шара қолданатын болады. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» тақырыбымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясында айтты.
«Билік елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шара қолданатын болады. Кім айтса да, мұндай бағыттағы түрлі қитұрқылық пен пәлеқорлықты қоғам қатаң сынға алады, құқық қорғау органдары да соған сәйкес әрекет жасайды», — деді Президент.
Мемлекет басшысы қоғамда алауыздық тудыратын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою қажеттігіне баса назар аудартты.
«Азаматтарымыздың бізге қатысы жоқ ақпарат майданына араласып, өшпенділікті насихаттауы еліміздегі тұрақтылыққа және қоғамдық келісімге зор қатер төндіреді. Әрқайсымыз азаматтардың құқығы тең және еркін болуын қамтамасыз ететін Ата Заңымыздың әрбір сөзін бұлжытпай ұстануымыз қажет. Заң мен тәртіптің әрдайым және барлық жерде сақталуы, заң үстемдігінің сөзбен де, іспен де орнығуы маңызды. Біздің міндетіміз – қоғамда өзара құрмет пен сенімді нығайта түсу. Сондай-ақ діни, аймақтық немесе әлеуметтік-экономикалық алшақтықты болдырмау үшін баршаға ортақ жаңа қағидаттар мен ұстанымдар ойластыру. Ассамблеяның осы күрделі мәселеге байланысты атқарып жатқан қызметі айрықша маңызды», — деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенім білдірді.
«Осы мәселенің дұрыс шешілуі кез келген елдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына едәуір ықпал ететінін тарихтың өзі көрсетіп отыр. Қазақстанда да солай. Біз осы аса шетін мәселеге келгенде сыртқы-ішкі факторларды ескере отырып, стратегиялық ұстамдылық және толеранттық танытуымыз қажет. Бірақ бұл біздің мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға баса назар аударатынымызды жоққа шығармайды. Мен қазақ тілі уақыт өте келе этносаралық қатынас тіліне айналатынына сенімдімін. Біз біртіндеп осыған келе жатырмыз. Мемлекет олардың түрлі жетістіктеріне, соның ішінде саяси сипаттағы табыстарына да назар аударады және оларды барынша қолдайды. Бүгін осындай бірқатар азаматқа марапат тапсырылады», — деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛЫ ҮЛГІСІ

ШЫМКЕНТ: ЯРКИЙ ПРИМЕР ОБЩЕСТВЕННОГО СОГЛАСИЯ И МЕЖЭТНИЧЕСКОЙ ГАРМОНИИ

06.06.2026
ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛЫ ҮЛГІСІ

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛЫ ҮЛГІСІ

06.06.2026
ЖАСТАРДЫҢ ЖЕЛІДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ОТВЕТСТВЕННОСТЬ МОЛОДЕЖИ В СЕТИ

05.06.2026

Бекзат Хабибов,
Кентау қалалық мәслихатының төрағасы, Қарнақ ауылдық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

12.06.2026
12 июня – Всемирный день борьбы с детским трудом

12 июня – Всемирный день борьбы с детским трудом

12.06.2026
12 маусым – Балалар еңбегіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні

12 маусым – Балалар еңбегіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні

12.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған