• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 13 июня, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕННЕН ӨНЕГЕ (-3-)

22.04.2024
in Руханият
ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕННЕН ӨНЕГЕ (-2-)

Жас мемлекетімізде саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім қалыптасып, Қазақ халқының береке, бірлігі артты. Ана тілімізге деген құрмет Ата Заңымыздан бастау алды. Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың: «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген ұстанымы бүгінде біздің жолбасшымызға айналып отыр. Сонау тоқсаныншы жылдардағы күйреп қалған шаруашылықтар, босап қалған дүкен сөрелері, елді жайлаған жоқшылық пен қымбатшылық аз уақытта еңсеріліп, халықтың тұрмысы оңалды, экономикадағы өрлеу елдің әл-ауқатын арттырды. Сол жылдардағы ел басына түскен қиындықтарды, кедергілерді, тапшылықтарды санап тауыса алмайсыз. Осындай мәселелерді оңтайлы шешу үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елімізде жұмыссыздықпен күреске елеулі мән берілді. Соның арқасында қазақстандықтар тұрмыс-тіршілігі үшін жұмыс іздеп шекара асып кеткен жоқ. Олардың жұмыс істеуіне өз елімізде жағдай жасалды.
Елдігіміздің нышаны – рәміздеріміздің бекітілуі, шекарамыздың айқындалуы – осының бәрі тәуелсіз мемлекет үшін аса қажет құндылықтар болатын. «Тәуелсіздік бізге не берді?» деген кезде, жер көлемі жағынан әлемде 9-шы орын алатын Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтан өз орнын ойып тұрып алғанын айтар едім. Жаңадан салынған елордамыз бар. Елорданың салынуы республикамыздың әлеуметтік, экономикалық және саяси дамуына, ұлттық қауіпсіздігіміздің нығаюына үлкен үлесін қосты. Есілдің жағасындағы ару қала тарихи маңызды оқиғалардың ордасына айналды.
Қорыта айтқанда, әлемдегі кез келген ұлт үшін ең үлкен байлық, ол – тәуелсіздік. Қазақстан тәуелсіздіктің көк туын желбіретіп, тарихи даму сатысының әр кезеңіне қадам басқан сайын, тарихтан тағылым – өткенінен өнеге алып, болашағын бағдарлау үстінде…

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛЫ ҮЛГІСІ

ШЫМКЕНТ: ЯРКИЙ ПРИМЕР ОБЩЕСТВЕННОГО СОГЛАСИЯ И МЕЖЭТНИЧЕСКОЙ ГАРМОНИИ

06.06.2026
ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛЫ ҮЛГІСІ

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ҮЙЛЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛЫ ҮЛГІСІ

06.06.2026
ЖАСТАРДЫҢ ЖЕЛІДЕГІ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

ОТВЕТСТВЕННОСТЬ МОЛОДЕЖИ В СЕТИ

05.06.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ

12.06.2026
12 июня – Всемирный день борьбы с детским трудом

12 июня – Всемирный день борьбы с детским трудом

12.06.2026
12 маусым – Балалар еңбегіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні

12 маусым – Балалар еңбегіне қарсы күрестің дүниежүзілік күні

12.06.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған