Ақиқатында ислам дінінің өзіндік ерекшелігі бар және тартымды дін болып табылады. Ислам басқа дін өкілдерін өзінің сенім негіздерін берік ұстануға көркемді түрде шақырып, адамдарға деген рақымдылықтың өзегін көрсетеді.
Күнінде әлемде қаншама адам лаңкестік әрекеттерден бақиға аттанып жатыр. Қаншама армандар үзіліп жатыр. Қаншама тағдырлардың тамырына балта шабылып жатыр. Дүниенің тыныштығын шайқағысы келгендер өздерінің арам пиғылдарымен жаман ниеттерін жүзеге асыру үшін сан түрлі айла әрекетке баруда.
Бүгіндері әлем елдері әсіресе жетекші мемлекеттер дінаралық қақтығыстарды болдырмаудың жолдарын қарастыруда, осыған байланысты тың қадамдар жасалуда. Бір ел тыныш болса, күллі адамзат баласы тыныштықта болады, бір мемлекет бүлінсе күллі жаһаннан маза кететіндігін бүгінгі әлемде болып жатқан лаңкестік оқиғалардан, соның салдарынан соғыс жүріп жатқан мемлекеттерден көріп отырмыз.
Қазақстанның ұстанған бағыты тұрақтылық, дінаралық татулық болып табылады. Бұл бағытта елімізде атқарылып жатқан игі істер мен батыл қадамдар, тың бастамалары әлем елдеріне үлгі болып отыр.
Тұрақтылық болған мемлекетте даму бар. Бейбітшілік болған жерде экономикалық және әлеуметтік ілгерлеу болатындығы белгілі. Еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістігі осының анық дәлелі.
Шындығында, дәстүрлі ислам дінінде жазықсыз адамның қанын төгу, ол мұсылман болсын, мейлі кәпір, мейлі өзге дін өкілі болсын, жанына қастық қылу немесе тіпті өзін-өзі өлтіру үлкен күнә болып табылады. Исламда бір адамды әділетсіз өлтіру барлық адамдарды өлтірумен бірдей. Бұл туралы Құранда айтылған: «Кімде-кім кісі өлтірмеген немесе жер бетінде бүлік шығарып, бұзақылық жасамаған бейкүнә жанды нақақтан-нақақ өлтірсе, бүкіл адамзатты өлтіргендей болады…