• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 16 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІ ТІРКЕУДІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ (-2-)

17.04.2024
in Руханият
ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІ ТІРКЕУДІҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ (-2-)

Діни ұйымдардың көбеюі, миссионерлердің белсенді әрекеті дінге қатысты заңды қайта қарап, өзгерту қажеттігін тудырды. Соның нәтижесінде, 2011 жылы қабылданған заңға сәйкес, діни ұйымдар 2012 жылдың қазан айына дейін орталық немесе жергілікті билік органдарында қайта тіркеуден өтуі тиіс болды. Қайта тіркеу нәтижесінде діни конфессиялар саны 46-дан 17-ге дейін қысқарып, діни бірлестіктер саны 4551-ден 3088-ге азайды.
Елімізде 2011 жылы 11 қазанда қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңның преамбуласында Қазақстанда ханафи бағытындағы исламның және православиелік христиандықтың халықтың мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлін танитынын негізге алады. Бұл да Қазақстан үшін жергілікті ерекшеліктерді ескеру мен зайырлылықтың жаңа үлгісіне беттеудің нышаны деп қабылдауға болады.
Мәдениет және ақпарат министірлігі Дін істері комитетінің ресми сайтындағы 2023 жылы жарияланған соңғы мәліметіне сүйенсек, 18 конфессия мен оларға қарасты 3977 діни бірлестіктер мен олардың филиалдары тіркелгенін көруге болады.
Сондай-ақ, аталған заң бойынша азаматтар діни бірлестіктер құра отырып, ұйымдаса алады. Діни бірлестіктерді Әділет министрлігінде тіркеудің өзіндік шарттары бар. Бұл шарттар орындалғанда ғана бірлестіктер тіркеледі және қызмет атқара алады. Діни бірлестіктер тіркелмеген жағдайда жұмысын тоқтатуға немесе айыппұл салуға алып келеді.
Қорыта айтқанда, тәуелсіздік алған жылдардағы діни ахуал алғашқы дін туралы «Діни сенім бостандағы және діни бірлестіктер туралы» заңымен реттелді. Заңның кейбір тұстары мемлекеттің бұл саладағы тәжірибесінің болмауы салдарынан ол уақытта елімізде дәстүрлі емес діни бірлестіктер саны күрт өсті. Ислам бағытындағы керітартпа ағымдар да осы кезде бой көрсетті. Әсіресе, деструктивті діни ағым өкілдері таза исламды жақтау әрі тәухид, бидғат, ширк ұғымдарын ұстанамыз деп, халықтың салт-дәстүрін терістеді. Салдарынан халықтың қалыптасқан діни танымы қайшылыққа ұшырап, билік экстремизммен күрес аясында діни шет көзқарастардың алдын алу бағытына назар аудара бастады.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ МАЛ СОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МАЛ СОЙЫЛАТЫН ОРЫНДАР АНЫҚТАЛДЫ

03.06.2025
ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТКІЗІЛДІ

02.06.2025
Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

16.12.2024

Түркістан облысы дін істері
басқармасының «Дін мәселелерін
зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Айдана Сейдуәлі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Инвестиции и внешняя торговля поддерживают экономический рост Казахстана

Инвестиции и внешняя торговля поддерживают экономический рост Казахстана

15.07.2025
Инвестициялар мен сыртқы сауда Қазақстанның экономикалық өсуін қолдайды

Инвестициялар мен сыртқы сауда Қазақстанның экономикалық өсуін қолдайды

15.07.2025
Мемлекет басшысы:

Глава государства:

14.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған