• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 2 марта, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ

19.07.2023
in Мәдениет, Руханият

Экологиялық білім – бұл білімнің бөлігі емес, қазіргі білім беру процесінің жаңа мәні мен мақсаты. Сондықтан экологиялық білім беру, тәрбиелеу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері күн тәртібінен түсіруге болмайды.
Экологиялық білім мен тәрбиенің өзектілігін ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: “қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму қазақстандық күн тәртібінің бірінші жоспарына шығады. Мектептер мен ЖОО-ларда өскелең ұрпақты экологиялық тәрбиелеуде тиісті назар аудару қажет” деп растаған болатын.
Осы мақсатта білім беру үдерісін экологияландыру міндетін шеше отырып, білім басқармасы бірыңғай экологиялық білім беру кеңістігін құрды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, өсіп келе жатқан ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін зерттеу, табиғатты қорғау міндеттерін шешуде практика жүзінде қатысуға тарту мақсатында Орал қаласы және аудан мектептері мен балабақшалары барлығы 30 білім беру мекемелеріне «Экомектеп» және «Эко балабақша» жобалары енгізілді.
Жобаға қатысушы мектептер мен балабақшалар экологиялық кеңес құрып, мектептер «Өсімдіктер әлемі және топырақ», «Жануарлар әлемі», «Ауа», «Су», «Табиғатты пайдалану әліппесі» және мектепке дейінгі ұйымдар «Экологиялық кітаптармен танысу», «Жануарлар әлемінде», «Экологиялық ойындар», «Шығармашылық», «Табиғатты зерттеушілер (барлаушылар)» бағыттары бойынша жұмыстануда.
Жоба нәтижесінде жас ұрпақтың қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің әртүрлілігі туралы білімдерін кеңейтіп, білім алушылардың экологиялық мәдениетінің деңгейін мектепке дейінгі ұйымдардан бастап көтеріп, «Экомектеп» және «Эко балабақша» жобаларына енетін білім беру мекемелерінің қатары өседі деген сенімдеміз.

Оқи отырыңыз...

«АЛҒЫС АЙТУ — ПАРЫЗЫМ» АТТЫ ІСШАРА ӨТТІ

«АЛҒЫС АЙТУ — ПАРЫЗЫМ» АТТЫ ІСШАРА ӨТТІ

27.02.2026
ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМ МЕН БІРЛІКТІ САҚТАУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛІ

28.01.2026
БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚҰНЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚҰНЫ МЕН КЕЛЕШЕГІ

28.01.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН МУРАЛ САЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАНЫ ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН МУРАЛ САЛЫНДЫ

02.03.2026
Шымкент гарнизоны әскери сотының әділдік жолындағы қалыптасу және даму тарихы

Шымкент гарнизоны әскери сотының әділдік жолындағы қалыптасу және даму тарихы

02.03.2026
ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

ТҮРКІСТАНДА РЕФЕРЕНДУМҒА ДАЙЫНДЫҚ: ШАҚЫРУ ҚАҒАЗДАРЫ ТАРАТЫЛУДА

28.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған