«Туған жер» деген cөздің киелі қасиетін сезініп көрдіңіз бе? Естіген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі әр адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы орындалуға міндетті бағыттардың бірң болды. Бағдарламаның мәні неде? Бағдарламада оның үш ерекшелігі анық көрсетілген.
«Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді».
«Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек».
«Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс». «Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек».
«Туған жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет. Берілген тапсырманың үдесінен шығу ғана емес, оны бүгінгі күнмен өлшемей, ертеңгі ұрпаққа жету үшін еңбек ету – басты парыз.
«Туған жерге туыңды тік!» — деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек.
Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. «Туған жер» бағдарламасының мәні – осында.
Яғни, әрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де ие болуы керек. Сондықтан, қазір «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру маңызды.
Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ.
Рухани жаңғыру ол – өткенді қайта жаңғырту, оның тарихын ұрпаққа түсіндіру. Осы тұрғыда жастардың туған жеріне деген білімі мен патриоттық сезімдерін білу мақсатында тест сұрақтары дайындалып, «Өз қалаңды білесің бе?» атты тақырыппен студенттерге ватсап желісі арқылы таратылды. Тест сұрақтары – қаланың тарихы, мәдениеті, өнері мен білім саласы бойынша жинақталды.
Өкінішке орай, студенттеріміздің жауаптарынан олардың әлі де болса Шымкент қаласының жай-жапсарынан алшақ екенін түсіндік. Шымкенттің тарихын білмеу, үлкендерімізге сын. Сондықтан да отбасында болсын, мектепте, балабақшада болсын қаламыздың тарихы, мәдениеті мен білімі жөнінде жақсы әңгімелер айта берсек, жастардың құлағында қалатынына сенімдімін.
Ал, тест сұрақтарына дұрыс жауап беріп, өз білімдерін ортаға салған студенттерімізге айтар алғысым мол.
Жүргізіген сауалнама бойынша ОҚПУ-дің РКШ С 1705-80Ж тобының студенті Эльмира Мейірманова 1 орынды жеңіп алды. 2 орынды М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ФИ 19-2Р3 тобының студенті Оимхан Ибрагимова иеленсе, 3 орынға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ИП 21-5К2 тобының студенті Асемай Сапарбай шықты. Білімдері мен ізденімпаздықтарымен алға озған студенттерге алғысым шексіз.
Туған жерге тағзым мұнымен шектелмейді. Бұл біздің азғантай болса да студенттердің туған жерге деген патриоттық сезімін оятып, қаламыздың тарихын білсем деген ынтасына қосқан азғантай үлесіміз ғана. Осындай ісшаралардың арқасында жастардың Отанға, туған жеріне деген отансүйгіштік сезімдері қалыптасады деп ойлаймын.
Кезінде мектепте өткен осындай игі шаралар, отбасында ата-аналарымыздың Отанымыз туралы айтқан тәлімді әңгімелері осы күнге дейін санамызда сайрап тұр. Біле білсек, мұның бәрі Отанға, туған өлкемізге деген құрмет пен патриоттық сезімді оятады. Азамат бойындағы дарын, қабілет, тектілік сынды абзал қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағынан дариды.
Гүлжан Құлжабайқызы АЛТЫНБЕКОВА,
Оңтүстік Қазақстан университеті
Техникалық мамандықтар үшін практикалық орыс тілі кафедрасы,
филология ғылымының кандидаты.
Керемет
Керемет мақала
Шығармашылық табыс сізге
Гүлжан, мағынасы кең, ауқымды тақырыпта іс- шара өтінішті, өте керемет.
Бүгінгі өмір, ертеңгі тарих дегендей, Жастарымыз дың өзі тұрып жатқан мекеннің тарихын біліп қана қоймайды, оны жүрекпен сезіну мүлдем басқа дүние. Студенттерге үлкен тәрбиелік мәні бар сабақ болған деп есептеймін. Еңбегің жана берсін!
Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Артыңыздан білімді шәкірттеріңіз ере берсін!
Гулжан Құлжабайқызы студент жастарға, сонымен бірге бүкіл оқырман қауымға , әсіресе Шымкент қаласының тұрғындарына қажетті тәрбиелік мәні зор мақала жариялапсыз. Рухани жаңғыру аясында таптырмас деректер бар екеніне көзім жетіп отыр яғни ,тест сұрақтарында. Еңбегіңіз жансын тектілігіңізді, зиялы қауымнан шыққаныңызды көрсетіп отырсыз.
Керемет кеш өткізіпсіздер. Жұмыстарыңыз жандана берсін. Сәттілік!
Өте керемет айтылған!!!😍
Очень рада за наших студентов . Особенно за Асемай. Поздравляю ! Побольше бы таких соревнаваний .
Алтынбековой Гульжан Кулжабаевной проведена огромная работа в рамках духовно-навственного и патриотического поспитания молодежи, повышения уровня исторической грамотности. История способствует оценке прошлого, чтобы человек мог понять и разобраться со всеми происходящими событиями.
Данное мероприятие бесценно по своей значимости, так как имеет своей целью пробуждение интереса молодежи к истории своей страны. А ведь молодежь – будущее страны, от грамотности молодого поколения и его активной роли будет зависеть в будущем социальное и экономическое развитие государства, положение страны на мировой арене. Выражаю огромную благодарность!
Гульжан Кұлабайқызы!Жазған шығармашылық мақаланыздың жастарға берер тәрбиесі орасан зор! Мақаланызды оқып отырып туған жерге деген махаббатымызды оятады!Сізге шығармашылық табыс тілеймін,қаламыныз ұштала берсін!
Гульжан Кулжабаевна, вами проведена огромная работа по нравственому воспитанию и привитию любви к своему городу. Выражаю огромную благодарность! Желаю дальнейших творческих успехов!
Гульжан Кулжабаевна, вами проведена огромная работа по нравственому воспитанию и привитию любви к своему городу. Выражаю огромную благодарность! Желаю дальнейших творческих успехов!
Өте керемет, осындай патриот кыздарымыз, мугалимдеримиз көп болса нур устине нур болар еди
Ия, Гүлжан Құлжабайқызы өте дұрыс мәселе көтеріпсіз! Рухани жағынан жаңғырмай, әрине алға басу мүмкін емес!
Бір замандарда көпдінділік кесірінен азамат соғыстары туындап, Сақ, Ар мен Ғұн, Алаш атанған халқымыз қаншама ұлттар мен ұлыстарға бөлініп кетті?!
Еділ мен оның ұрпақтары құрған империялар, Түрік қағанаттары мен Хазария, 341 қағанаттан (облыс, регион, аймақ деген ұғымды білдірген) тұрған, астанасы Тараз шаһары болған Қараханидтер мен Дешті Қыпшақ, Алтын Орда мемлекеттері рухани тұтастық болмай көпдінділіктен азамат соғыстарына ұрынып ыдырап кеткендігі тарих мамандарына белгілі?! Қазақ Хандығының да ыдырап, өзіміз ел қылған құлдардың құлына айналғанымызды да көзі қарақты оқырмандар біледі!
Енді не істеу керек?
Біздің Халық өзінің о бастағы рухани тұтастықты ұстап тұрған 7 қасиетімізге қайта оралуымыз керек! 7 қасиет: 1. Тіл. 2.Діл. 3. Ата — Бабалар ұстаған дәстүрлі Дін. (Түрлі ағымдар мен мыңдаған секталарға мемлекет деңгейінде тиым салу қажет!) 4. Ұлы Жаратушы, Көк Тәңірі, мың бір атауға Ие, Бір Алланың заңдылықтарына негізделген ұлттық салт — дәстүрді сақтау, жетілдіру және дамыту! 5. Бір Алланың заңдылықтарына негізделген, бұлжытпай орындалуға тиісті рәсімдер: (7 Ата қан тазалығын сақтау; ер азаматтардың белсіздігінің алдын алу үшін 7 жасқа дейіңгі ұлдардың алтын шүмегінің ұшын кесу; Әйелдер бедеулігінің алдын алу үшін 7 жасқа дейіңгі қыз балалардың құлағының ұшын, яғни сырғалығын тесу рәсімі). 6. Имандылық! (Бұған көп нәрсе кіреді.) 7. Мейірім мен Шапағат!
Міне сонда ғана Халқымыз ғаламдағы озық ұлттардың біріне айналады!
Осындай қасиеттерін сақтап отырған жапон халқының мысалы да жетіп артылар!
Және бүгіңгі жастарымыз мектеп қабырғасынан бастап, әсіресе студент кездерінде білімді қажырлылықпен меңгерулері тиіс! Уақыт деген ұлы құбылыс бір орнында тұрмайды! Сондықтанда жастарымыз алтын уақыттарын босқа өткізсе, онда олардың өздеріне де, Отанына да сатқындық жасағаны деп, бағалауымыз керек! Басқа сөз жоқ!
Білім саласында бұрыңғы советтік білім жүйесі мен Халықтық, яғни халқымыздың ұлттық педагогикасын үйлесімді түрде жаңғыртып, ұштастыра бiлсе, бiлiм саласының ұтары көп!
Орта ғасырларда ғаламдық iлiм мен бiлiмнiң Отаны, яғни басты бұлағы болған Ұлы Дала — Қазақ жерiнен түлеп ұшқан жүздеген Әл Фарабилер мен Әл Түркістанилер, Әл Таразилар, Әл Сайрамилер, Әл Сығанақилар, Әл Сарайилар, және де басқа жүздеген қалалар мен шаһарларымыздан шыққан ғұламалар батысқа ғана емес, жалпы ғалам елдерiне iлiм мен бiлiмді, Тектiлердiң өсиеті мен адамзат қауымына түскен соңғы дініміз Исламның қағидаларын таратуға ат тұяғы жететін мемлекеттер мен жерлерге дейін тарап кеткен! Түркістан мен Мысыр арасында жерленген жүздеген ғұлама алымдарымызды, отаршыл евроцентристер мен шовинистер араб, парсы, тәжік деп бұрмалап жазып жiберген?! Олардың бәрі де, өзіміздің киелі Ұлы Даламыздан шыққан Сақ — Алаш — Қазақтың текті де, ғажайып Ұландары болатын…
Мұны ұмыту, яғни тегіңді ұмыту, үлкен күна!!!
Алла Тағаламыз Жар болсын Халқымыз бен Елім деген Ерлер мен Аруларға!!!!
Ілесбек Байжанов.
ҚР Журналистер Одағының мүшесі. ҚР мұнай — газ саласының еңбек сіңірген қызметкері. Шымкент шаһары.