

• Қазақстан бойынша €50 млн көлеміндегі инвестициялық бағдарлама
• Ел көлемінде шамамен 700 жаңа жұмыс орындарымен қамтылуы
• Ай сайын 120 локомотив секциясына дейін (жылына 1440) қызмет көрсету мүмкіндігі
• Қазақстандағы Alstom компаниясының төрт қызмет көрсету орталығының тұратын желінің бір бөлігі
29 мамыр 2026 ж. – Зияткерлік әрі тұрақты мобильділік саласындағы әлемдік көшбасшы Alstom компаниясы мүдделі тараптар мен БАҚ өкілдеріне арналған таныстыру сапарын ұйымдастырып, Орта дәліз бойында орналасқан маңызды теміржол торабы — Арыс қаласындағы жаңа электровоздарға қызмет көрсету депосының құрылыс барысын таныстырды.
Арыс қаласындағы депо — 2023 жылы Alstom мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында қол қойылған Инвестициялық келісім аясында жүзеге асырылып жатқан төрт қызмет көрсету нысандарының бірі. 2025 жылы Alstom Шу қаласында депоны іске қосып, Астанада ұқсас нысанның құрылысын бастады. Сонымен қатар, компанияның қолданыстағы қызмет көрсету депосы Алматы қаласында жұмыс істеп тұр.
Жаңа депо ұлттық теміржол операторы — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін Alstom компаниясы шығарған электровоздарға қызмет көрсетуге арналған.
Пайдалануға берілгеннен кейін депо ай сайын 120 локомотив секциясына дейін (немесе жылына 1440) қызмет көрсете алады. Жобаны іске асыру локомотивтердің техникалық дайындығы пайызын 97%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде, бұл ішкі және халықаралық бағыттардағы теміржол тасымалының сенімділігі мен тиімділігін арттырады.
Арыс қаласындағы депоның орналасуы оның Орта дәліздегі қызмет көрсету хаб ретіндегі стратегиялық рөлін күшейтеді. Орта дәліз — Қазақстан арқылы Қытай мен Еуропаны байланыстыратын маңызды көлік бағыты.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Alstom компаниясы арасындағы Инвестициялық келісім аясында Астана, Арыс, Шу және Алматы қалаларындағы өңірлік қызмет көрсету орталықтарды дамытуға бағытталған жалпы көлемі €50 млн болатын инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылуда.
Бұл қызмет көрсету орталықтарды құру ел бойынша теміржол техникасына қызмет көрсету жұмыстарының тиімділігі мен сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жоба аясында шамамен 700 жаңа жұмыс орны ашылып, өңірлердің экономикалық дамуына және жұмыспен қамтуды арттыруға ықпал етеді.
Іс-шараға Түркістан облысының әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Францияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиоге, сондай-ақ Арыс қаласы әкімдігінің, «ҚТЖ — Жүк тасымалы» ЖШС, «ҚТЖ – Жолаушылар локомотивтері» ЖШС-нің және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдері қатысты.
Сапар барысында қонақтарға құрылыс жұмыстарының қазіргі барысы, болашақ депоның негізгі функционалдық аймақтары және дайын нысанның визуализациясы таныстырылды. Сонымен қатар, Alstom өкілдері диагностика, техникалық қызмет көрсету және жөндеу салаларында енгізілетін заманауи технологиялық шешімдер туралы баяндады.
«Электровоздарға арналған қызмет көрсету инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның көлік саласындағы талпынысы мен экономикасы үшін аса маңызды. Себебі СО₂ шығарындыларын азайтудан бөлек, электровоздарды пайдалану шығындары дизельдік локомотивтермен салыстырғанда едәуір төмен», — деді Alstom компаниясының Батыс және Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Жером Бойе.
Alstom Қазақстанның теміржол саласында 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде компанияда еліміз бойынша 1300-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Ол республиканың көлік және инфрақұрылым саласын дамытуда маңызды рөл атқарады. Орталық Азия мен Кавказдағы жалғыз электрлік локомотив өндіруші ретінде, Alstom төрт қалада жеті өндірістік нысанды, соның ішінде Астанадағы локомотив құрастыру зауытын және ел бойынша бірнеше техникалық қызмет көрсету депосын басқарады.
Компания қызмет көрсету инфрақұрылымын дамыту және елдің өсіп келе жатқан транзиттік әлеуетін қолдау арқылы өз қызметін кеңейтуді жалғастыруда.
ALSTOM™ – Alstom тобының тіркелген тауар белгісі.
Alstom туралы
Contacts Alstom — теміржол саласындағы әлемдік көшбасшы және теміржол көлігін тұрақты транспорт жүйесінің негізіне айналдыруды мақсат етеді. Компания жоғары жылдамдықты және өңірлік пойыздардан бастап метро, монорельс, трамвайлар, «кілтке дайын» жүйелер, кешенді қызмет көрсету, инфрақұрылым, сигнал беру жүйелері мен цифрлық теміржол шешімдеріне дейінгі болашаққа бағытталған шешімдердің толық спектрін әзірлеп, ұсынады. 61 елдегі 87 800 қызметкері арқылы Alstom жаһандық тәжірибе мен жергілікті қатысуды ұштастырып, әр сапарды ақылдырақ, экологиялық таза әрі жайлы етуге үлес қосады. Серіктестері және клиенттерімен бірге компания теміржол көлігінің әлеуетін жүзеге асыруда. Франция қор биржасында листингтелген Alstom компаниясының 2026 жылғы 31 наурызда аяқталған қаржы жылындағы табысы €19,2 млрд құрады. Қосымша ақпарат алу үшін: www.alstom.com
Баспасөз қызметі:
Айжан Хамитова – T: +77719966356
aizhan.khamitova-ext@alstomgroup.com




