• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Сенбі, 28 Мамыр, 2022
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

СТУДЕНТ – ӨЗ ҚАЛАҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?

05.05.2022
in Руханият
СТУДЕНТ – ӨЗ ҚАЛАҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?

«Туған жер» деген cөздің киелі қасиетін сезініп көрдіңіз бе? Естіген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі әр адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы орындалуға міндетті бағыттардың бірң болды. Бағдарламаның мәні неде? Бағдарламада оның үш ерекшелігі анық көрсетілген.
«Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді».
«Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек».
«Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс». «Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек».
«Туған жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет. Берілген тапсырманың үдесінен шығу ғана емес, оны бүгінгі күнмен өлшемей, ертеңгі ұрпаққа жету үшін еңбек ету – басты парыз.
«Туған жерге туыңды тік!» — деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек.
Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. «Туған жер» бағдарламасының мәні – осында.
Яғни, әрбір адам өз тарихын терең біліп қана қоймай, заман талабына сай қасиеттерге де ие болуы керек. Сондықтан, қазір «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» бағдарламаларын жүзеге асыру маңызды.
Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды сақтай білуіміз керек. ХХІ ғасырдағы рухани жаңғырудың мәні осыда болмақ.
Рухани жаңғыру ол – өткенді қайта жаңғырту, оның тарихын ұрпаққа түсіндіру. Осы тұрғыда жастардың туған жеріне деген білімі мен патриоттық сезімдерін білу мақсатында тест сұрақтары дайындалып, «Өз қалаңды білесің бе?» атты тақырыппен студенттерге ватсап желісі арқылы таратылды. Тест сұрақтары – қаланың тарихы, мәдениеті, өнері мен білім саласы бойынша жинақталды.
Өкінішке орай, студенттеріміздің жауаптарынан олардың әлі де болса Шымкент қаласының жай-жапсарынан алшақ екенін түсіндік. Шымкенттің тарихын білмеу, үлкендерімізге сын. Сондықтан да отбасында болсын, мектепте, балабақшада болсын қаламыздың тарихы, мәдениеті мен білімі жөнінде жақсы әңгімелер айта берсек, жастардың құлағында қалатынына сенімдімін.
Ал, тест сұрақтарына дұрыс жауап беріп, өз білімдерін ортаға салған студенттерімізге айтар алғысым мол.
Жүргізіген сауалнама бойынша ОҚПУ-дің РКШ С 1705-80Ж тобының студенті Эльмира Мейірманова 1 орынды жеңіп алды. 2 орынды М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ФИ 19-2Р3 тобының студенті Оимхан Ибрагимова иеленсе, 3 орынға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ИП 21-5К2 тобының студенті Асемай Сапарбай шықты. Білімдері мен ізденімпаздықтарымен алға озған студенттерге алғысым шексіз.
Туған жерге тағзым мұнымен шектелмейді. Бұл біздің азғантай болса да студенттердің туған жерге деген патриоттық сезімін оятып, қаламыздың тарихын білсем деген ынтасына қосқан азғантай үлесіміз ғана. Осындай ісшаралардың арқасында жастардың Отанға, туған жеріне деген отансүйгіштік сезімдері қалыптасады деп ойлаймын.
Кезінде мектепте өткен осындай игі шаралар, отбасында ата-аналарымыздың Отанымыз туралы айтқан тәлімді әңгімелері осы күнге дейін санамызда сайрап тұр. Біле білсек, мұның бәрі Отанға, туған өлкемізге деген құрмет пен патриоттық сезімді оятады. Азамат бойындағы дарын, қабілет, тектілік сынды абзал қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағынан дариды.
Гүлжан Құлжабайқызы АЛТЫНБЕКОВА,
Оңтүстік Қазақстан университеті
Техникалық мамандықтар үшін практикалық орыс тілі кафедрасы,
филология ғылымының кандидаты.

Оқи отырыңыз...

ӨМІРІ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

ӨМІРІ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

20.04.2022
ЖАҚСЫЛЫҚ

ЖАҚСЫЛЫҚ

08.04.2022
ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНЫП КЕЛЕДІ

24.06.2021
ShareTweetShareSendShareShare

Comments 8

  1. Назира says:
    3 недели ago

    Керемет

    Ответить
  2. Анар says:
    3 недели ago

    Керемет мақала
    Шығармашылық табыс сізге

    Ответить
  3. Камила says:
    3 недели ago

    Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз. Артыңыздан білімді шәкірттеріңіз ере берсін!

    Ответить
  4. Жалғасбек says:
    3 недели ago

    Гулжан Құлжабайқызы студент жастарға, сонымен бірге бүкіл оқырман қауымға , әсіресе Шымкент қаласының тұрғындарына қажетті тәрбиелік мәні зор мақала жариялапсыз. Рухани жаңғыру аясында таптырмас деректер бар екеніне көзім жетіп отыр яғни ,тест сұрақтарында. Еңбегіңіз жансын тектілігіңізді, зиялы қауымнан шыққаныңызды көрсетіп отырсыз.

    Ответить
  5. Күлай says:
    3 недели ago

    Керемет кеш өткізіпсіздер. Жұмыстарыңыз жандана берсін. Сәттілік!

    Ответить
  6. Акерке says:
    3 недели ago

    Өте керемет айтылған!!!😍

    Ответить
  7. Алия says:
    2 недели ago

    Очень рада за наших студентов . Особенно за Асемай. Поздравляю ! Побольше бы таких соревнаваний .

    Ответить
  8. Фарида says:
    2 недели ago

    Алтынбековой Гульжан Кулжабаевной проведена огромная работа в рамках духовно-навственного и патриотического поспитания молодежи, повышения уровня исторической грамотности. История способствует оценке прошлого, чтобы человек мог понять и разобраться со всеми происходящими событиями.
    Данное мероприятие бесценно по своей значимости, так как имеет своей целью пробуждение интереса молодежи к истории своей страны. А ведь молодежь – будущее страны, от грамотности молодого поколения и его активной роли будет зависеть в будущем социальное и экономическое развитие государства, положение страны на мировой арене. Выражаю огромную благодарность!

    Ответить

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

М.ӘЙТЕНОВ КАНАЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРДІ

М.ӘЙТЕНОВ КАНАЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРДІ

28.05.2022
Сенаторы Н.К. Бекназаров и А.Ж. Капбарова в ходе визита в г. Шымкент посетил Южно-Казахстанский государственный педагогический университет

Сенаторы Н.К. Бекназаров и А.Ж. Капбарова в ходе визита в г. Шымкент посетил Южно-Казахстанский государственный педагогический университет

27.05.2022
ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ»: БАСКЕТБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДА АНЫҚТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ»: БАСКЕТБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДА АНЫҚТАЛДЫ

27.05.2022
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: Newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агентігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агентігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?