• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 22 октября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

«Керуен-сарай» туристік кешені ашылды

12.04.2021
in Басты ақпарат
«Керуен-сарай» туристік кешені ашылды

10 сәуірде Түркістан қаласында Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен-сарай» көпфункционалды туристік кешенінің ашылу рәсімі өтті. Инвестициялық жобаны «Turkistan Tourism City» компаниясы іске асырды, кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсан айында басталды. Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 га аумақта орналасқан. Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «ұшатын театр», ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді. Бұл ретте, барлық құрылымдар су арнасы арқылы байланыстырылған, онда судағы «қайық шеруі» театрландырылған шоуы өткізіледі. «Керуен-сарай» кешенінің Орталық Азияда баламасы жоқ және ол Қожа Ахмет Яссауи кесенесінен кейін өңірге туристер мен инвестицияларды тартатын басты орталыққа айналуы тиіс.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді

21.10.2025
В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с государственным визитом

В Акорде состоялась официальная церемония встречи Президента Азербайджана, прибывшего в Казахстан с государственным визитом

21.10.2025
«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

«Ақорда» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті

21.10.2025

«Керуен-сарай» кешенінің ашылу салтанатына Премьер-Министр Асқар Мамин, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ инвестор компанияның өкілі Қуанышбек Құдайберген қатысты. А. Мамин Түркістандағы Қазақ музыкалық драма театрына барды. Ғимараттың жалпы ауданы 11 мың шаршы метрден асады. Бұл аса жаңа жабдықтармен және театр жұмысына қажетті барлық бөлмелермен жабдықталған заманауи кешен. Көрермендер залының сыйымдылығы 510 адамды құрайды.

Үкімет басшысы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханамен танысты. Бұл ақпарат пен шығармашылыққа арналған бірегей хаб. Ғимараттың үш қабаты оқу залдары, коворкинг-орталықтары, фото-, бейне- және аудиожазба, каллиграфия, қыш өнері студиялары, шеберханалары, оның ішінде 3D-модельдерді жасауға арналған шеберханалары, сондай-ақ киноконцерт залы, кофеханалары, кітап кәдесыйлары мен қолдан жасалған бұйымдар дүкендері қамтылған зоналарға бөлінген.

Кітапхананың ғылыми-зерттеу орталығында кітап сақтау қоймасы, сирек кездесетін кітаптар мен көне заманғы қолжазбаларды сақтауға арналған бөлім, құжаттарды, кітаптарды цифрландыру және консервациялау цехтары, оның ішінде Орталық Азиядағы тотығуға қарсы жабдықпен жабдықталған бірден-бір цех бар. Жұмыс сапары аясында Премьер-Министр сондай-ақ Түркістан қаласында басқа да инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

22.10.2025
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТІМГЕРШІЛІК РӨЛІ: ЕРЕВАН МЕН БАКУДІҢ ЖАҚЫНДАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІТІМГЕРШІЛІК РӨЛІ: ЕРЕВАН МЕН БАКУДІҢ ЖАҚЫНДАСУЫНА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

22.10.2025
Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашты

22.10.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған