• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 20 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

20.11.2026
in Басты ақпарат
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің отырысы өтті.​

Оқи отырыңыз...

ТАЗА АУМАҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

ТАЗА АУМАҚ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

18.11.2026
Өсімге бастар мың мүмкіндік. «Атамекен» Қазақстанның іскер әйелдер қоғамдастықтарын біріктірді

Өсімге бастар мың мүмкіндік. «Атамекен» Қазақстанның іскер әйелдер қоғамдастықтарын біріктірді

18.11.2026
ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНИКАЦИЯ: МАСС-МЕДИАМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА БАСҚОСУ ӨТТІ

14.11.2026

Жиынды Кеңес төрағасы Орынбасар Қабыштаев жүргізді. Отырысқа мемлекеттік органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысып, кәсіпкерлік қызмет барысында туындаған әкімшілік кедергілер мен кәсіпкерлердің мүліктік құқықтарына қатысты екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе – Келес ауданындағы жеке кәсіпкер Маржан Оспанованың кәсіпкерлік нысанына кіріп-шығу жолының жабылуына байланысты туындаған мәселе.

Кәсіпкерге тиесілі Абай ауылындағы кәсіпкерлік кешенге кіретін негізгі жолдың жабылуы салдарынан нысанның жұмысы тоқтап, жалға алушылар қызметін жалғастырудан бас тартқан. Бұған дейін кешен аумағында жиһаз цехы, банкет залдары, дәмхана, бар және такси тұрағы жұмыс істеп, 40-қа жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкердің мәліметінше, жол құрылысы аяқталғанына қарамастан, бірнеше жылдан бері қоршау алынбаған. 2025 жылы ескі қоршау демонтаждалып, орнына жаңасы орнатылған. Нәтижесінде кәсіпкерлік нысанына негізгі кіреберіс толығымен жабылған. Кәсіпкердің есептеуінше, осы уақыт ішінде инфляция мен мүлікті пайдалана алмау салдарынан келген шығын шамамен 200 млн теңгені құрайды.

Сонымен қатар, Келес ауданы әкімдігі тарапынан кәсіпкерлік нысанды мемлекет мұқтажына алу мәселесі де көтерілген. Тәуелсіз бағалау нәтижесінде 2025 жылғы 19 тамызда нысанның нарықтық құны 223 млн теңгеден астам сомаға бағаланған. Алайда кейін бюджетте қаражаттың жоқтығы және бас жоспардағы өзгерістер негізге алынып, бұл мәселе аяқсыз қалған.

Екінші мәселе – Жетісай ауданындағы кәсіпкер Ерғали Нұрбековтің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту кезіндегі әкімшілік кедергілер.

Кәсіпкер өзіне тиесілі 0,1010 гектар жер учаскесінің нысаналы мақсатын «мал бордақылау және мал сою алаңын орналастыру үшін» деп өзгертуді көздеген. Алайда аудан әкімдігі бірнеше рет өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.

Бас тарту себептерінің бірі ретінде жер учаскесіне жақын орналасқан, жергілікті тұрғындар қоршап қойған аумақтың қорым болуы мүмкін екені көрсетілген. Дегенмен, ұсынылған құжаттарда аталған аумақтың ресми түрде қорым ретінде тіркелгенін растайтын құжаттар, нақты шекарасы және кәсіпкердің жер учаскесіне дейінгі санитариялық арақашықтық туралы өлшеу нәтижелері келтірілмеген.

Сондай-ақ, кәсіпкер аудан әкімдігі өкілдерінің түсіндіруіне сүйене отырып, 75 мың теңгеге бизнес-жоспар, 130 мың теңгеге эскиздік жоба әзірлеткен. Алайда аталған шығындарға қарамастан, жердің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесі шешімін таппаған.

Отырыста екі мәселе бойынша да кәсіпкерлердің уәждері тыңдалып, мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдерінің заңдылығы мен негізділігіне қатысты сұрақтар көтерілді.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда мемлекеттік органдардың шешімдері заңдылықпен қатар, нақты дәлелдерге және дәйекті негіздерге сүйенуі қажеттігін атап өтті.

«Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын әкімшілік кедергілер кәсіпкердің жұмысына ғана емес, сол кәсіпорында еңбек ететін азаматтардың жұмыс орындарына және өңір экономикасына да тікелей әсер етеді. Маржан Оспанованың жағдайында бұрын 40-қа жуық адамды жұмыспен қамтыған кәсіпкерлік кешеннің қызметі негізгі кіреберістің жабылуына байланысты тоқтап отыр. Ал кәсіпкерлік нысанды мемлекет мұқтажына алу мәселесі бойынша тәуелсіз бағалау жүргізіліп, мүліктің құны 223 млн теңгеден астам деп белгіленгенімен, рәсім соңына дейін жеткізілмеген.

Екінші мәселе бойынша да кәсіпкердің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге қатысты бас тартулардың нақты құқықтық және фактілік негіздері толық көрсетілуі тиіс. Егер шешім қорымның бар екеніне негізделсе, оның ресми мәртебесі, шекарасы және санитариялық талаптарға сәйкестігі тиісті құжаттармен расталуы қажет. Кәсіпкерден қосымша құжаттар әзірлеуді талап еткен жағдайда да оған заңнамалық негіз болуы шарт.

Кәсіпкерлер палатасының ұстанымы – мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы мәселелер заң аясында, ашық әрі әділ шешілуі керек. Біз әрбір өтінішті жеке қарастырып қана қоймай, кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына бағытталған жұмысты жалғастырамыз», – деді Зухра Амирова.

Отырыс қорытындысы бойынша Ерғали Нұрбековтің мәселесіне қатысты Жетісай ауданы әкімдігіне жер учаскесіне жақын орналасқан аумақтың құқықтық мәртебесін анықтау, оны қорым ретінде тіркеуді растайтын құжаттарды ұсыну және қабылданған бас тарту шешімдерінің заңдылығын қайта қарау жөнінде ұсыныстар енгізілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қабылданған әкімшілік актілер мен Жер комиссиясының шешімдерінің заңдылығы мен негізділігіне зерделеу жүргізу ұсынылды. Түркістан облысының прокуратурасына жердің нысаналы мақсатын өзгерту рәсіміне және кәсіпкерден қосымша құжаттар талап етудің заңдылығына құқықтық баға беру жөнінде ұсыныстар жолдау мәселесі қаралды.

Кәсіпкерлер палатасы екі кәсіпкердің де өтініштері бойынша жұмысты жалғастырып, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл аясында олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын бақылауда ұстайды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

20.11.2026
Түркістан облысында Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды

Түркістан облысында Орталық Азиядағы ең ірі бордақылау кешені ашылды

19.11.2026
ҚАУІПСІЗ, ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ КӨРІКТІ ҚАЛА – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

ҚАУІПСІЗ, ЖАЙЛЫ ЖӘНЕ КӨРІКТІ ҚАЛА – ТҰРАҚТЫ ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ

19.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған