• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 24 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

 ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЫНТЫМАҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.11.2026
in Без рубрики
 ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЫНТЫМАҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Тассай, Мирас және Мәртөбе тұрғын алаптарында жергілікті тұрғындармен мазмұнды кездесулер өткізді. Шараның басты мақсаты – азаматтар арасында патриоттық сезімді арттыру, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты нығайту, ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау, сондай-ақ Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық басымдықтарды халыққа кеңінен түсіндіру болып табылады. Кездесулерге қалалық Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б. Жалмұрзаев, Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Т. Бейсембиев, ауыл ақсақалдары, билер, тұрғын алап белсенділері мен сала мамандары қатысты.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕКЕМЕСІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕКЕМЕСІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

24.11.2026
 ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.11.2026
ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ «МЫҢ ЖҮЙРІК» АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

24.11.2026

Жиындар барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен басымдықтар жан-жақты талқыланып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғам өміріндегі маңызы түсіндірілді. Спикерлер мемлекет саясатындағы өзгерістер мен реформалардың түпкі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыруға, әділ қоғам қалыптастыруға және өңірлерді үйлесімді дамытуға бағытталғанын атап өтті. Сонымен қатар мегаполистегі ұлтаралық келісім мен өзара түсіністікті нығайту, татулық пен ынтымақты сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесулерде жастарды білімге, ұлттық мәдениетке, өнерге және бұқаралық спортқа баулудың маңызы кеңінен сөз болды. Тұрғындар арасындағы ауызбіршілік пен сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, ұрпақ тәрбиесі және заң мен қоғамдық тәртіпті сақтау сияқты құндылықтар да назардан тыс қалмады. Осы бағытта Нұртас шағын ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы К. Дүйсенбиев өз ой-пікірін ортаға салып, қоғамдағы ынтымақ, сенім мен ізгі қарым-қатынастың ел тұрақтылығы үшін аса маңызды екенін жеткізді.

Ашық диалог форматында өткен басқосуларға тұрғын алаптардың белсенді азаматтары С. Ахметов, Т. Салманов, Ә. Әрзіқұлов, А. Мавлюдов, Е. Тағабаев және С. Тұрсынов қатысып, жергілікті қауымдастық өміріне қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Тұрғындар ақсақалдар мен мамандарға өз сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді, кездесу соңында тараптар көтерілген мәселелер төңірегінде еркін пікір алмасты.

Мұндай тұрақты түрде ұйымдастырылатын ақпараттық-түсіндіру шаралары қала билігі мен тұрғындар арасындағы ашық диалогты дамытып, шеткері аймақтардағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға өз септігін тигізеді. Ел ағалары мен сала мамандарының қатысуымен өтетін бұл жиындар рухани құндылықтарды дәріптеумен қатар, азаматтардың мемлекеттік бастамаларға деген сенімін арттырып, ортақ мақсат жолында жұдырықтай жұмылуға жол ашады.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕКЕМЕСІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

ШЫМКЕНТТЕ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» МЕКЕМЕСІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ

24.11.2026
 ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 ШЫМКЕНТТЕ ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.11.2026
 ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЫНТЫМАҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 ШЫМКЕНТТІҢ ТҰРҒЫН АЛАПТАРЫНДА ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЫНТЫМАҚ ТАЛҚЫЛАНДЫ

24.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған