• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 ноября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

 ҚЫЗЫЛЖАР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

17.11.2026
in Без рубрики
 ҚЫЗЫЛЖАР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Қызылжар тұрғын алабында қалалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері жергілікті тұрғындармен арнайы кездесу өткізді. Мұндай ақпараттық-насихаттық жүздесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын халыққа жеткізу және ел ішіндегі ауызбіршілікті одан әрі нығайту мақсатында жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Оқи отырыңыз...

 ӘБДЕЗ РАХМАНҰЛЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 ӘБДЕЗ РАХМАНҰЛЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17.11.2026
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

17.11.2026
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

17.11.2026

Бүгінгі таңда ауылдар мен шеткі тұрғын алаптардың әлеуметтік-мәдени дамуына, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және жергілікті тұрғындардың азаматтық белсенділігін арттыруға айрықша мән берілуде. Осы орайда, шет аймақтарда тұратын азаматтармен жиі жүздесіп, мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан реформалар мен қолға алынған бағдарламалардың мән-жайын етене түсіндіру елдегі қоғамдық тұрақтылық пен өзара сенімді нығайтудың берік негізі болып табылады.

Маңызды жиынға Достық үйі жанындағы Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Б. Жалмұрзаев, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Т. Бейсембиев, «Қызылжар» бастауыш ұйымының төрағасы Б. Байжанов, ауыл биі Б. Ибрагимов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар, сондай-ақ сала мамандары белсене қатысты.

Жиын барысында Б. Жалмұрзаев Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған негізгі бағыттар мен басым міндеттерге кеңінен тоқталып, олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы және қоғам өміріндегі айрықша маңызын түсіндіріп берді.

Ал «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Т. Бейсембиев қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты сақтау мәселелеріне баса назар аударды. Сонымен қатар ол жас ұрпақты білімге, мәдениетке және спортқа баулудың, оларды деструктивті идеологиялардың ықпалынан сақтандырудың және отансүйгіштік рухты қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында Б. Байжанов пен Б. Ибрагимов тұрғындар арасындағы ауызбіршілік пен татулықты сақтау, үлкенге құрмет көрсету, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлер негізінде ұрпақ тәрбиелеу және қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында өз ой-пікірлерін ортаға салды. Олар ауыл тұрғындарының ынтымағы мемлекет тұрақтылығының берік діңгегі екенін жеткізді.

Ашық диалог форматында өткен бұл жиында қатысушылар қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сыйластықты сақтауда әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі бар екенін атап өтті. Тұрғындар өздерін толғандырған өзекті сауалдарын қойып, мамандардан тұжырымды әрі нақты жауаптар алды. Мұндай ашық жүздесулер жергілікті тұрғындар мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы тығыз байланысты одан әрі артыра түседі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

 ҚЫЗЫЛЖАР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

 ҚЫЗЫЛЖАР ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

17.11.2026
 ӘБДЕЗ РАХМАНҰЛЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 ӘБДЕЗ РАХМАНҰЛЫ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСШЫСЫ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

17.11.2026
АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

17.11.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған