• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ ТҰР

21.10.2026
in Без рубрики
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ АДАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ ТҰР

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

21.10.2026
Shymkent FIRST Scrimmage 2026

Shymkent FIRST Scrimmage 2026

21.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНЫЛУДА

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНЫЛУДА

21.10.2026
Шымкентте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту күн тәртібіне арналған «Реформалар мәні: Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Іс-шара барысында кітап авторы, мемлекет және қоғам қайраткері Мәулен Әшімбаев өңірдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен, сарапшылармен және қоғам белсенділерімен бірге Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістердің негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ сапар аясында Мәулен Әшімбаев жергілікті бочча федерациясының өкілдерімен және өңір жастарымен кездесті.

Кітаптың таныстырылымы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өтті. Кездесу барысында автор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың тарихи маңызы мен ел болашағына ықпалы туралы өз пайымын ортаға салды.

Кітапта мемлекеттік басқаруды жаңғырту, саяси және экономикалық өзгерістер, өңірлік даму, ұлттық бірегейлік, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы орны мен беделін айқындау мәселелері қарастырылады.

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Президент реформаларының мәні мен мазмұнын ашатын бірқатар негізгі мәселеге тоқталды.

«Әділетті Қазақстан» идеясының түпкі мәні – «мемлекет мемлекет үшін» деген түсініктен «мемлекет адам үшін» қағидатына түбегейлі бет бұру. Ел дамуының жаңа парадигмасының негізінде адам және оның мүдделері тұр. Бұл ұстаным жаңа Конституцияда нақты көретілген», – деді Мәулен Әшімбаев.

Автор Конституцияда бекітілген құндылықтар еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаттарын айқындайтынын да атап өтті.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар елдің технологиялық әлеуетін нығайту және цифрлық дамудың жаңа мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелерін талқылады. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жаһандық өзгерістер Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұндай жағдайда әлемде болып жатқан үдерістерден шет қалмай, олардың белсенді қатысушысына айналу маңызды.

Шымкентке сапары аясында Мәулен Әшімбаев «Металлург» спорт кешеніне барып, өңірлік бочча құрамасының спортшыларымен кездесті. Ол жаттығу барысымен танысып, параспортшылармен, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен және жаттықтырушылар құрамымен инклюзия мәдениетін ілгерілету мәселелерін талқылады.

Кездесуде Мәулен Әшімбаев шымкенттік спортшылардың жетістіктеріне тоқталып, соңғы екі жылда қалада бочча спортымен айналысушылар саны едәуір артқанына назар аударды. Өңірлік команданың өкілдері республикалық жарыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Сондай-ақ, Шымкентте Инклюзивті спорт орталығының салынуы спортшылардың тұрақты жаттығуына және жарыстарға дайындалуына қосымша мүмкіндіктер ашатыны айтылды.

«Араларыңыздан ұлттық құраманың болашақ мүшелері мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары шығатынына сенімдімін. Біз алдағы уақытта да сіздерге қолдау көрсете береміз. Жаттықтырушыларыңызбен бірлесіп, ел намысын халықаралық аренада лайықты қорғауларыңыз үшін қажетті жағдайлар жасау бағытында жұмыс істейміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Шымкентке сапар Достық үйінде Мәулен Әшімбаевтың қала жастарымен кездесуімен түйінделді. Ашық диалог форматында қатысушылар Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың өскелең ұрпаққа беретін мүмкіндіктерін, жастардың елдегі өзгерістерге қатысуын және қоғам алдындағы жауапкершілігін талқылады.

Кездесуде жастардың ел дамуының жаңа кезеңіндегі рөліне ерекше мән берілді. Атап айтқанда, қарқынды цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу жағдайында жас буынның жаңа технологияларды меңгеруі, өз әлеуетін іске асыруы және елдің өркендеуіне нақты үлес қосуы маңызды екені сөз болды.

Сонымен қатар өңір жастарының талдамалық әлеуетін нығайту мәселелеріне назар аударылды. Қатысушылар Шымкент қаласында Taldau экожүйесінің білім беру және қоғамдық жобаларына қызығушылық білдіріп, оны дамыту жөнінде өз ойларымен бөлісті.
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

21.10.2026
Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

21.10.2026
ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

21.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған