Шымкент қаласында елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Қазіргі таңда қаладағы 81 елді мекеннің 66-сы табиғи газбен толық қамтылған. Қалған 14 елді мекенде газбен қамту мәселесі кезең-кезеңімен шешілуде.
2026 жылы табиғи газ инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта екі нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда, «Шымкент қаласы Жаңаталап тұрғын алабының I кезеңіндегі газбен жабдықтау жүйесін салу» жобасы аясында магистральдық газ құбырын тарту көзделген. Сонымен қатар қаланың сауда-логистикалық орталығы индустриялық аймағына арналған инженерлік инфрақұрылымды дамыту мақсатында магистральдық газ құбыры салынуда.
Аталған жобалар тұрғындарды табиғи газбен қамту аясын кеңейтуге, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға және қаладағы өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Табиғи газды пайдалану тұрғындарға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға да ықпал етеді.






