• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 октября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНЫЛУДА

21.10.2026
in Без рубрики
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНЫЛУДА

Шымкент қаласында Республика күні мерекесі қарсаңында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде. 2026 жылғы 17 қазанда басталған науқандар 27 қазанға дейін жалғасады. Акциялар аясында сатып алушыларға түрлі тауарлар төмендетілген бағамен ұсынылуда.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

21.10.2026
Shymkent FIRST Scrimmage 2026

Shymkent FIRST Scrimmage 2026

21.10.2026
В ЧЕСТЬ ДНЯ РЕСПУБЛИКИ — ПРАЗДНИЧНЫЕ СКИДКИ

В ЧЕСТЬ ДНЯ РЕСПУБЛИКИ — ПРАЗДНИЧНЫЕ СКИДКИ

21.10.2026

Жалпыреспубликалық науқанды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырды. Акциялардың басты мақсаты — тауарлардың халыққа қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау және отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейту.
«Фиркан City» және «Mega Planet» сауда орталықтарында келушілерге арнап музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды. Сауда галереяларында домбыра мен баянның үні шырқалып, ұлттық әуендер әуеледі. Қазақтың халық әндерімен қатар, отандық орындаушылардың танымал шығармалары орындалды.
Музыкалық бағдарлама көрермендерге ұлттық мұраның маңызын тағы бір мәрте сезіндірді.
Ұлттық әндер мен дәстүрлер — тарихымыз бен рухани мұрамыздың маңызды бөлігі. Мұндай концерттер әртүрлі буын өкілдеріне төл мәдениетімізбен жақынырақ танысуға, сүйікті шығармаларын еске түсіруге және халықтың бірлігін сезінуге мүмкіндік береді.

Мерекелік іс-шарада йейбір тауарларға 50 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Сауда сөрелерінде ерлер мен әйелдер киімі, аяқ киім, кәдесыйлар, ыдыс-аяқ және үйге қажетті түрлі бұйымдар ұсынылған. Мұнда отбасының әр мүшесіне қажетті киім-кешек таңдап, жақындарына сыйлық алуға немесе тұрмысқа қажетті заттарды сатып алуға болады. Сонымен қатар, сатып алушыларға сүт және ет өнімдерін қоса алғанда, азық-түлік, тұрмыстық химия мен үйге қажетті тауарлар ұсынылады. Олардың жекелеген түрлеріне де 50 пайызға дейін жеңілдік жасалған.

Республика күні қарсаңында мұндай ұсыныстар қонақ күтіп, мерекелік дастарқан әзірлеуге дайындалып жатқан отбасылар үшін аса тиімді. Шымкент тұрғындарының айтуынша, алда үлкен мереке келе жатыр. Бұл күні ағайын-туыс бас қосып, жақындарын қонаққа шақырып, мол дастарқан жаяды. Сондықтан жеңілдіктердің дер кезінде ұйымдастырылғаны қуантады.

Кәсіпкерлер үшін де акцияға қатысу өз өнімдеріне деген қызығушылықты арттырып, тауарларын арнайы бағамен ұсынуға мүмкіндік берді.
«Біз Республика күніне арналған акцияға қуана қосылдық. Түрлі тауарларға арнайы ұсыныстар дайындадық. Әркім өзіне қажетті затты тауып немесе жақындарына сыйлық таңдауға мүмкіндігі бар», — дейді сатушылар.
Қала әкімдігінің мәліметінше, Шымкентте өтіп жатқан екі республикалық акцияға 26 сауда нысаны қатысуда.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ БАС ҚОСАДЫ 

21.10.2026
Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

Қазақстан бойынша 600-ден астам сауда нысаны Republic Day және Bereke Fest акцияларына қосылды 

21.10.2026
ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ШЫМКЕНТТЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

21.10.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған