• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 30 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда адвокаттармен бірлескен жұмыс күшейеді

30.09.2026
in Басты ақпарат
Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда адвокаттармен бірлескен жұмыс күшейеді

Түркістан облысында кәсіпкерлердің құқықтық мәселелерін шешуге адвокаттардың кәсіби тәжірибесін кеңінен тартуға мүмкіндік беретін жаңа ынтымақтастық форматы қолға алынды. Осы мақсатта Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы мен адвокаттар алқасы бизнестің құқықтық мәселелерін бірлесіп зерделеп, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешуге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге уағдаласты.

Оқи отырыңыз...

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

30.09.2026
Жекеменшік мектептердің өзекті мәселелері салалық кеңесте қаралды

Жекеменшік мектептердің өзекті мәселелері салалық кеңесте қаралды

30.09.2026
106 жас: еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкентте тұрады

106 жас: еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкентте тұрады

30.09.2026

Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелеу мақсатында Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Түркістан облысының адвокаттар алқасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев пен облыстық адвокаттар алқасының төрағасы Қайрат Қамбаров қол қойды.

Ынтымақтастықтың басты ерекшелігі – кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне тек жекелеген шағымдар немесе сот процестері аясында емес, жүйелі құқықтық проблема ретінде қарау. Яғни адвокаттардың нақты істер барысында анықтаған мәселелері жинақталып, олардың себептері мен құқықтық негіздері сараланады. Егер белгілі бір мәселе бірнеше кәсіпкердің қызметіне әсер ететін жүйелі сипатқа ие болса, оны шешу жолдары Палатамен бірлесіп әзірленеді.

Меморандумға сәйкес, адвокаттар кәсіпкерлердің істерін жүргізу барысында туындаған проблемалық мәселелер бойынша Палатаға тиісті құқықтық ұстанымдар мен оларды шешудің ықтимал жолдарын ұсынады. Палата өз кезегінде бұл мәселелерді саралап, құзыреті шегінде мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл барысында көтеруге, сондай-ақ өңірлік және республикалық деңгейдегі сараптамалық алаңдарға шығаруға мүмкіндік алады.

«Кәсіпкердің құқығы бұзылғаннан кейін ғана әрекет ету жеткіліксіз. Ең маңыздысы – кәсіпкерлер жиі кездесетін мәселелерді дер кезінде анықтап, олардың түпкі себептерін зерттеу және қайталануына жол бермейтін шешімдер ұсыну. Адвокаттар нақты істердің құқықтық қырын жақсы біледі, ал Палатаның бизнестің проблемаларын жинақтап, оларды жүйелі түрде көтеруге мүмкіндігі бар. Осы екі бағыттың тоғысуы кәсіпкердің мәселесін шешумен қатар, бизнес жүргізуге кедергі келтіретін құқықтық және әкімшілік түйткілдерді азайтуға ықпал етеді», – деді Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

Өзара іс-қимыл аясында мемлекеттік органдардың кәсіпкерлердің заңды қызметіне кедергі келтіретін шешімдері мен әрекеттері де назарға алынбақ. Мұндай фактілер жинақталып, құқықтық тұрғыдан талданады. Негіз болған жағдайда оларды тиісті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қарауына шығару көзделген.

Сонымен қатар тараптар бірлескен талдамалық және ғылыми-практикалық жұмыстар жүргізіп, консультациялық және білім беру іс-шараларын өткізеді. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау тәжірибесіне қатысты статистикалық, құқықтық және талдамалық ақпаратпен алмасу да жолға қойылады.

Адвокаттар алқасының төрағасы Қайрат Қамбаров меморандумның құқықтық мәселелерді тек жеке істер шеңберінде қарастырмай, оларды жүйелі түрде шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Адвокаттың жұмысы нақты бір істі жүргізумен шектелмейді. Іс барысында кәсіпкерлердің қызметіне әсер ететін ортақ проблемалар жиі анықталады. Мұндай мәселелердің құқықтық себептерін талдап, тиісті ұсыныстар әзірлеу маңызды. Палатамен бірлескен жұмыс осы мәселелерді кеңірек деңгейде қарауға мүмкіндік береді. Біздің ортақ мақсатымыз – кәсіпкердің заңды құқығы мен мүддесін қорғауға ықпал ететін тиімді құқықтық тетіктерді қалыптастыру», – деді Қайрат Қамбаров.

Меморандум аясындағы өзара іс-қимыл қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізу салаларында кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерді қамтиды. Бұл ретте тараптар кәсіби тәуелсіздік, тең құқықтылық және құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып жұмыс жүргізеді.

Жаңа әріптестік форматы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жинақталған тәжірибені біріктіріп, жеке мәселелерден жүйелі шешімдерге көшуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнестің заңды қызметіне кедергі келтіретін түйткілдерді анықтау, оларды құқықтық тұрғыдан негіздеу және тиісті деңгейде шешу жұмыстарының тиімділігін арттыру көзделіп отыр.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда адвокаттармен бірлескен жұмыс күшейеді

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда адвокаттармен бірлескен жұмыс күшейеді

30.09.2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІТ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

30.09.2026
ШЫМКЕНТТЕ ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ЖАҢА АВТОКӨЛІК ӨТКЕЛІ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ЖАҢА АВТОКӨЛІК ӨТКЕЛІ АШЫЛДЫ

30.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған