• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 30 сентября, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

106 жас: еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкентте тұрады

30.09.2026
in Басты ақпарат
106 жас: еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкентте тұрады

Елімізде 100 жастан асқан 44 зейнеткер бар. 1 қазан — Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл айтулы дата — аға буынның өмірлік тәжірибесі мен атқарған еңбегін ұлықтайтын күн. Бүгінде олардың басым бөлігі — зейнеткерлер. Қарттардың әрқайсысының артында адал еңбек, пен еліміздің қалыптасу кезеңдеріндегі тарихи үлесі жатыр.

Оқи отырыңыз...

1 қазаннан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лар жаңа кесте бойынша жұмыс істейді

1 қазаннан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лар жаңа кесте бойынша жұмыс істейді

30.09.2026
Түркістанда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының 10 финалисі анықталды

Түркістанда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының 10 финалисі анықталды

30.09.2026
KPI компаниясы Шымкенттегі қоймасын ресми түрде

KPI компаниясы Шымкенттегі қоймасын ресми түрде

28.09.2026

Қазіргі таңда республика бойынша 2,4 миллионнан астам азамат зейнетақы төлемдерін алады. Гендерлік құрылымға сүйенсек, зейнеткерлердің 64%-ын әйелдер, ал 36%-ын ер адамдар құрайды. Осылайша, зейнетақы төлемдерін алатындардың жалпы санының үштен екісі әйелдер қауымына тиесілі.

Бұдан бөлек, еліміз бойынша 44 зейнеткер жүз жасты алқымдағандар қатарында. Олардың арасында өмір жолы өнегеге толы азаматтар аз емес. Әйел адамдар ішінде еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкент қаласында тұрады. 106 жастағы кейуана бүгінде өнегелі отбасының ортасында, жақындарының мейірімі мен қамқорлығына бөленіп отыр.

Ал ер азаматтар арасындағы ең жасы үлкен зейнеткер — Алматы қаласының 104 жастағы тұрғыны — Зұлқарнай Сейітов. Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Зұлқарнай Сейітов Сталинград шайқасынан Берлинге дейінгі майдан жолын басып өткен. Соғыстан кейін өмірін ғылым мен педагогикаға арнап, ондаған жылдар бойы жемісті еңбек етті. Ол 150-ден астам ғылыми еңбектің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Қазақстандық ғасыр куәгерлерінің тағдыры — замандар сабақтастығы мен ұрпақтар байланысының айқын көрінісі. Олардың жылдар бойы атқарған еңбегі, төзімділігі мен кәсіби жетістіктері мемлекетіміздің бүгінгі дамуына берік негіз болды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін барша аға буын өкілдеріне құрметі мен алғысын білдіріп, барша отандастарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасылық береке тілейді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

106 жас: еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкентте тұрады

106 жас: еліміздегі ең жасы үлкен зейнеткер Шымкентте тұрады

30.09.2026
1 қазаннан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лар жаңа кесте бойынша жұмыс істейді

1 қазаннан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лар жаңа кесте бойынша жұмыс істейді

30.09.2026
Түркістанда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының 10 финалисі анықталды

Түркістанда «Бір ауыл – бір өнім» жобасының 10 финалисі анықталды

30.09.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған