• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 14 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл!

14.08.2025
in Құқық-заң
Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл!

Қазақстан Республикасының Конституциясы – тәуелсіз еліміздің ең басты заңдық әрі саяси негізі, мемлекетіміздің даму бағдары мен болашағын айқындап берген тарихи құжат. Биыл біз Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толуын ерекше мақтанышпен атап өтудеміз. Бұл мерейтой – тек құқықтық актінің жылдығы ғана емес, сонымен бірге еліміздің демократиялық жолмен дамуының, азаматтық қоғамның қалыптасуының, заң үстемдігінің салтанат құруының мерекесі. Конституция – әрбір қазақстандықтың құқығы мен бостандығының кепілі, әділдік пен теңдіктің бастауы, халық пен мемлекет арасындағы сенімді байланысты нығайтатын ұлы құндылық.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНДА ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНДА ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

14.08.2025
Жемқорлық – құрдымға апаратын жол

Жемқорлық – құрдымға апаратын жол

14.08.2025
Интернет-алаяқтықтың алдын алу

Интернет-алаяқтықтың алдын алу

12.08.2025

Сот жүйесі – Конституцияның өміршеңдігін қамтамасыз ететін, заңның мызғымас беделін сақтайтын негізгі тармақтардың бірі. Әділ сот төрелігі – құқықтық мемлекеттің тірегі, ал судьялар – сол әділдікті жүзеге асыратын биік мәртебелі тұлғалар. Сот билігінің басты миссиясы – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, дауларды заң мен ар-ождан аясында шешу, қоғамда әділет пен тұрақтылықты орнықтыру. Конституцияда бекітілген сот тәуелсіздігі принципі – әрбір шешімнің тек заңға ғана сүйеніп, сыртқы ықпалдан тыс қабылдануына кепіл. Бұл қағида – демократиялық мемлекет пен өркениетті қоғамның ажырамас белгісі.

Өткен 30 жыл ішінде еліміздің сот жүйесі ауқымды реформаларды бастан өткерді. Заманауи талаптарға сай сот инфрақұрылымы жаңарып, ақпараттық технологиялар енгізілді, электронды сот төрелігі кеңінен қолданылып, ашықтық пен жариялылық қағидалары нығайды. Азаматтар мен ұйымдардың сотқа қолжетімділігі артты, ал судьялардың кәсіби даярлығы мен жауапкершілігі жаңа деңгейге көтерілді. Бұл өзгерістердің бәрі – Конституцияда бекітілген құқықтық мемлекет қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыру жолындағы маңызды қадамдар.

Конституция тек заңдардың жиынтығы ғана емес, ол – ел бірлігінің, бейбітшіліктің және тұрақтылықтың кепілі. Оны сақтау – әрбір азаматтың борышы, ал оның талаптарын мүлтіксіз орындау – мемлекеттік органдардың абыройлы міндеті. Сот жүйесі осы міндетті адал атқарып, халықтың сеніміне ие болу арқылы мемлекеттің мызғымас тұғырын нығайтады.

Ата Заңымыздың 30 жылдығы – өткенді бағалап, болашаққа нық қадам басатын кезең. Бұл мерейтой – әрбір сот қызметкері үшін де үлкен жауапкершілік пен жаңа серпін беретін сәт. Өйткені, әділдік пен заң үстемдігі – тек қағаз бетінде ғана емес, нақты өмірде көрініс табуы тиіс. Конституция рухы – халықтың мүддесін қорғау, әділетті қоғам құру, елдің болашағын жарқын ету жолындағы берік бағыт.

Біз, сот саласының өкілдері, осы ұлы мақсатқа адал қызмет етуге, заң мен ардың талабын биік ұстап, еліміздің дамуы мен азаматтарымыздың әл-ауқаты жолында аянбай еңбек етуге ант етеміз. Конституциямыз мызғымасын, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

А.БЕКЕТАНОВА,

Шымкент қаласының

қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сот әкімшісінің басшысы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Ваучерная система: предприниматели и представители госорганов обсудили вопросы и предложения

14.08.2025
Ваучерлік жүйе: кәсіпкерлер мен жауапты органдар түйткілді мәселелерді талқылады

Ваучерлік жүйе: кәсіпкерлер мен жауапты органдар түйткілді мәселелерді талқылады

14.08.2025
ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНДА ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНДА ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ АШЫЛДЫ

14.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған