• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 4 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКИЯЛЫҚ ORZAX КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ҮШІН ТҮРКІСТАНДЫ ТАҢДАДЫ

29.05.2025
in Без рубрики
ТҮРКИЯЛЫҚ ORZAX КОМПАНИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНДА ӨНДІРІСІН КЕҢЕЙТУ ҮШІН ТҮРКІСТАНДЫ ТАҢДАДЫ

Түркияның жетекші фармацевтикалық компанияларының бірі – ORZAX Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) шығаратын жаңа зауыт салуға ниетті. Жобаның жалпы құны 40 миллион АҚШ долларын құрайды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ORZAX компаниясының басшылығы арасындағы кездесуде өндірістік жобаны іске асыру мәселелері талқыланды. Тараптар зауытты Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында салу мүмкіндігін қарастырды. Бұл шешім компанияға жеңілдетілген салықтық және әкімшілік режимдерді пайдаланып, тиімді өндіріс құруға жол ашады.
Өндірістік кешен іске қосылғаннан кейін жылына 35 миллион қорап ББҚ шығарылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар 500-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл өңір тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.
Келіссөздер аясында құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың ішінде бастау, ал зауытты 2026 жылдың соңына дейін іске қосу мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Облыс әкімі жобаның маңыздылығын атап өтіп, жергілікті әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін мәлімдеді – инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, құжаттаманы рәсімдеу және барлық рұқсат беру рәсімдерін жеделдету бағытында.
– Түркістан – ашық, серіктестікке дайын өңір. Біз – бауырлас елміз. Түркиялық компанияның өңірімізге келіп, осындай ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ниетті болуы – біздің облыс үшін зор мүмкіндік. Жаңа зауыттың құрылысы Түркістан облысының экономикасын дамытуға үлкен үлес қосып, жүздеген азаматты тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Біз бұл бастаманы толық қолдаймыз және жобаның табысты іске асуына барлық жағдай жасаймыз. Өздеріңізбен тікелей байланыста боламыз, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
ORZAX – Түркияда орналасқан, табиғи ингредиенттер негізінде биологиялық белсенді қоспалар өндіретін халықаралық деңгейдегі жетекші компания. Қазіргі таңда компания 100-ден астам өнім түрін шығарады, оның ішінде пробиотиктер, өсімдік экстрактылары, арнайы формулалар, Омега-3, дәрумендер мен минералдар, коллагендер бар. Компания Түркияда рецептсіз берілетін өнімдер нарығында көшбасшы болып келеді. Өнімдері әлемнің 50-ден астам еліне экспортталады.

Оқи отырыңыз...

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

01.08.2025
МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

31.07.2025
Абай ауданындағы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар

Абай ауданындағы спорт алаңшалары: тұрғындардың денсаулығы мен белсенді өмір салтына жағдай жасау

31.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

01.08.2025
“Ыстық нүктелер” картасына енгізілген мәселелер бойынша жиналыс өтті

“Ыстық нүктелер” картасына енгізілген мәселелер бойынша жиналыс өтті

01.08.2025
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЗАМАНАУИ АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕН ОРНАТЫЛАДЫ

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЗАМАНАУИ АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕН ОРНАТЫЛАДЫ

31.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған