• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 4 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП ОТЫР

27.05.2025
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛІП ОТЫР

Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен арнайы жиналыста осы саладағы өзекті мәселелер талқыланып, алдағы жылдарға нақты міндеттер қойылды. Бұл салаға ерекше назар аударылып, балық өсіру көлемін ұлғайту және экспорттық әлеуетті арттыру мәселелері басты назарда болды.

Оқи отырыңыз...

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

01.08.2025
МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

31.07.2025
Абай ауданындағы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар

Абай ауданындағы спорт алаңшалары: тұрғындардың денсаулығы мен белсенді өмір салтына жағдай жасау

31.07.2025

Облыс басшысы өз сөзінде балық шаруашылығының әлеуетін тиімді пайдалану арқылы өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға мүмкіндік бар екенін атап өтті. – «Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бойынша бекітілген межені орындау бағытында балық өсіру көлемін арттыруды тапсырамын. Бұл бағытта жұмысты ширатып, жүйелі түрде жүргізу қажет. Балық өнімінің өндірісін ұлғайтуға барлық жағдай жасалуы тиіс. Балық шаруашылығымен айналысамын деген кәсіпкерлерге барлық қолдау көрсетіліп, тиімді мүмкіндіктер ұсынылсын. Сонымен қатар, балық өсіруге арналған 104 су айдынын толықтай қайта қарап, сол аумақтардағы шаруашылықтарды қайта зерделеу керек. Бұл жұмыстар аудан және қала әкімдіктерімен бірлесіп жүзеге асырылуы тиіс. Өндірілген өнім көлемінің өсуін жүйелі түрде бақылау қажет» – деді Нұралхан Көшеров.

Жиында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Болысбек Шәріпбеков сөз алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2030 жылға дейінгі жоспарымен Түркістан облысында тауарлы балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға дейін арттыру міндеті тұрғанын жеткізді. Биылғы жылы 7 467 тоннаға жетуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта облыста 245 балық өсіру шаруашылықтары тіркелген, оның 164-і заңды түрде жұмыс істеуде. 2025 жылға дейінгі 4 айдың ішінде кәсіпшілік мақсатта 176 тонна балық аулауға рұқсат беріліп, мемлекеттік бюджетке 5,7 миллион теңге түсім түскен.

Түркістан облысы елімізде жасанды балық өсіру бағытында көшбасшы болып табылады. Бұл саладағы жұмыстар облыс әкімінің қолдауымен 2025-2027 жылдарға арналған даму жоспары негізінде жүргізілуде. Биылға жоспар бойынша 905 тонна балық өндіріліп, қосымша 16 жаңа балық өсіру шаруашылығы ашылуы күтілуде.

Сондай-ақ, облыста экспортқа бағытталған 4 ірі балық өнімдерін өндіруші кәсіпорын жұмыс істеуде. Жыл басынан бері 1069,5 тонна балық өнімі шетел нарықтарына экспортталды, бұл облыстың сыртқы саудасында балық өнімдерінің үлесін айтарлықтай арттырды.

Балық шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдаулар да жүйелі жүргізілуде. Облыстық бюджеттен 2025 жылы акваөсіруді субсидиялау үшін 500 миллион теңге бөлініп, соның аясында 4 586 тонна балық азығы, 500 мың балық шабағы және 4 дана биологиялық ғылыми негіздемелерге қаржы жұмсалды. Республикалық бюджеттен инвестициялық салымдарға арналған субсидияларға 120,5 миллион теңге бөлінген, оның 3,2 миллион теңгесі игерілді.

Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасының IV бағыты бойынша балық шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен 7,4 миллиард теңге және қайтарым қаражатынан 1,3 миллиард теңге қарастырылған. 2025 жылға 71 жобаға жалпы 698 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.

Бұл қарқынды жұмыстар балық шаруашылығының дамуына тың серпін беріп, облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетін арттыруға айтарлықтай ықпал етеді. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарының ашылуы жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсаруына септігін тигізеді.

Түркістан облысының табиғи су ресурстары мен агроклиматтық жағдайлары балық шаруашылығын дамытудың қолайлы базасын қалыптастырады. Осы мүмкіндікті тиімді пайдалану арқылы өңір балық өнімдерін өндіру мен экспорттау бойынша еліміздегі жетекші аймақтардың біріне айналуы жоспарлануда.

Жалпы алғанда, балық шаруашылығын дамыту Түркістан облысының экономикалық тұрақтылығы мен ауылдық жерлердегі халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Осы саладағы табысты даму облыстың аграрлық секторының әртараптануына және жалпы ұлттық экономикаға қосқан үлесінің өсуіне жағдай жасайды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

01.08.2025
“Ыстық нүктелер” картасына енгізілген мәселелер бойынша жиналыс өтті

“Ыстық нүктелер” картасына енгізілген мәселелер бойынша жиналыс өтті

01.08.2025
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЗАМАНАУИ АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕН ОРНАТЫЛАДЫ

БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЗАМАНАУИ АППАРАТТЫҚ-БАҒДАРЛАМАЛЫҚ КЕШЕН ОРНАТЫЛАДЫ

31.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған