• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 15 февраля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАУЫНДАРЫ РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

26.05.2025
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАУЫНДАРЫ РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

Түркістан облысы, Жетісай ауданындағы ауыл шаруашылығы саласында биылғы жылы өнім көлемі мен сапасы жағынан айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Аудандағы шаруалар 79,3 мың гектар суармалы жердің 43 мың гектарына мақта шитін сепсе, 16,7 мың гектарға бақша дақылдарын, 7,5 мың гектарға дәндік жүгері, 3,6 мың гектарға көкөніс және 6,7 мың гектарға мал азықтық дақылдарды екті. Қазіргі таңда көкөніс дақылдарынан жиналған өнімнің жалпы көлемі 36 мың тоннаны құрады.

Оқи отырыңыз...

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

В ПАЛАТЕ ПРЕДПРИНИМАТЕЛЕЙ ОБСУДИЛИ РАЗВИТИЕ КРЕАТИВНОЙ ИНДУСТРИИ И ТУРИЗМА

10.02.2026
2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

2026 ЖЫЛҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА: АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҒЫ РЕТІНДЕ БЕКІТІЛДІ

05.02.2026
«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«АРДАГЕРЛЕР ҰЙЫМЫ» ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ІХ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

05.02.2026

Айта кетерлігі, егістік алқаптарда егілген қауын дақылдарының алғашқы өнімдері пісіп, нарыққа шығарылуда. Соңғы 15 жыл бойы диқаншылықпен шұғылданатын Жетісай ауданының шаруалары қауынның сұранысы жоғары сорттарын егу арқылы нарықта өз орнын айқындап отыр. Солардың бірі, «Әл-Фараби» шаруа қожалығының төрағасы Әл-Фараби Күзенбаев Ж.Ералиев ауылдық округіндегі 50 гектар жерге «Нұр-Бакинка» және «Дампера» қауын сорттарын еккен. Сонымен қатар, оның 250 гектар жеріне мақта шиті себілген.

Қожалық төрағасының айтуынша, биыл бақша өнімдері әдеттегі 65 күндік өсіру мерзімінен сәл ұзақ — шамамен 70 күнде дайын болғанымен, сұранысқа сәйкес Ресей Федерациясына экспортталуда. Қазіргі уақытта 100 тонна қауын Ресейге жөнелтілуде, ал өнімнің егістік басындағы бағасы 400 теңгені құрайды. Бұл баға нарықта қолайлы болып, көрші елдегі бағадан төмен емес.

«Биылғы қауын ерте пісіп, өнімнің сапасы жақсы шықты. Су тапшылығы мәселелері болғанымен, жалпы ағын судың жеткілікті болуы өнімге кері әсер етпеді. Біз өнімімізді ешқандай делдалсыз, өзіміз тікелей экспортқа шығарып отырмыз. Бұл – біздің шаруашылықтың үлкен жетістігі», — деп атап өтті «Әл-Фараби» шаруа қожалығының төрағасы.

Қазіргі таңда бұл шаруашылық 30-ға жуық жергілікті тұрғынды тұрақты жұмысқа орналастырып, күніне 8-12 мың теңге аралығында жалақы төлеп отыр. Әр гектардан орташа есеппен 400 центнер өнім алу жоспарланып, бұл көрсеткішті арттыру үшін жаңа технологиялар мен тиімді әдістер қолданылуда.

Өткен жылы Жетісай ауданында жалпы 79,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген болатын. Бұл ауданда 110 мың тонна мақта, 549 мың тонна бақша дақылдары, 88,8 мың тонна көкөніс, 46,1 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар, сондай-ақ 67,7 мың тонна мал азықтық өнімдер жиналған. Биылғы жылға қойылған мақсаттар осы көрсеткіштерден де жоғары деңгейде орындалуға бағытталған.

Жалпы алғанда, Жетісай ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы дамуы облыстың аграрлық әлеуетін арттырып, жергілікті шаруалар мен еңбеккерлердің әл-ауқатын жақсартуға елеулі үлес қосуда. Экспорттық әлеуеттің кеңеюі, әсіресе Ресей нарығына өнім шығару, аудан экономикасының тұрақты дамуына септігін тигізеді деп күтілуде.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Digital Almaty өз ауқымын кеңейтіп, республикалық Digital Qazaqstan форумы болып өтеді

Digital Almaty өз ауқымын кеңейтіп, республикалық Digital Qazaqstan форумы болып өтеді

14.02.2026
Digital Almaty трансформируется в республиканский форум Digital Qazaqstan

Digital Almaty трансформируется в республиканский форум Digital Qazaqstan

14.02.2026

Әркімнің даусы маңызды!

14.02.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған