• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 5 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН: 7 АУДАННЫҢ ШАРУАЛАРЫ ОРДАБАСЫДА БАС ҚОСТЫ

26.05.2025
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН: 7 АУДАННЫҢ ШАРУАЛАРЫ ОРДАБАСЫДА БАС ҚОСТЫ

Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы «Бөген» су қоймасында өңірдегі жеті ауданның диқандары бас қосып, суармалы егіншілікті тиімді ұйымдастыру мен су ресурстарын үнемді пайдалану мәселелерін кеңінен талқылады. Бұл маңызды кеңеске облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков арнайы қатысты. Жиынға ауыл шаруашылығы саласының мамандары, су шаруашылығы басқармасының өкілдері мен тәжірибелі шаруа қожалықтары қатысты.

Оқи отырыңыз...

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

01.08.2025
МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

31.07.2025
Абай ауданындағы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар

Абай ауданындағы спорт алаңшалары: тұрғындардың денсаулығы мен белсенді өмір салтына жағдай жасау

31.07.2025

Аудан басшылары мен шаруалар бір ауыздан биылғы ауа-райының қолайсыздығының егін шаруашылығына тигізетін ықпалы туралы пікір алмасып, суды пайдалану тәртібі мен ағын су көлемін тиімді бөлу мәселесін егжей-тегжейлі қарастырды. Қазіргі таңда, елімізде жаһандық климаттың өзгеруі, жауын-шашын мөлшерінің тұрақсыздығы, сондай-ақ су қорларының қысқаруы ауыл шаруашылығы өндірісіне айтарлықтай қауіп төндіріп отырғанын ескере отырып, суды үнемді және әділ пайдалану мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр.

Жиында еңбек ардагерлері мен тәжірибелі диқандар суармалы егістіктің маңыздылығы туралы өздерінің бай тәжірибелерімен бөлісті. Олар судың тапшылығы жағдайында әр тамшының қадірін білу қажеттігін, суармалы жерлердің өнімділігін арттыру үшін заманауи технологияларды енгізу маңызды екенін атап өтті. Мамандар диқандарды бар суды тиімді және үнемді пайдалануға шақырып, судың әрбір миллиметрі есепке алынатын құралдарды пайдалану қажеттігін ескертті. Су ресурстарын бөлісу және пайдалану тәртібі бойынша келісілген механизмдер құру арқылы ғана егістік алқаптарына қажетті судың жеткізілуін қамтамасыз етуге болады.

«Бөген» су қоймасы арқылы 67,8 мың гектар жер суарылады, ал «Қараспан» су торабы 79 мың гектарға су жеткізуге мүмкіндік береді. Дегенмен, қазіргі таңда «Бөген» су қоймасының сыйымдылығы 370 млн. текше метр болса да, жиналған су көлемі 230,5 млн. текше метрді ғана құрайды. Бұл көрсеткіш судың тапшылығы мәселесінің бар екенін айқын көрсетеді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану мен суармалы жерлердің өнімділігін арттыру бағытында бірлескен жұмыс ұйымдастыру маңызды.

Облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов диқандарға деген жылы лебізін білдіре келе, мемлекет тарапынан суармалы жерлерді кеңейту, су қорларын реттеу және ауыл шаруашылығын қолдау бағытында бірқатар маңызды шаралар атқарылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков диқандарға егілген өнімнің ерекшелігін ескере отырып, су ресурстарын пайдалану барысында кезектілік пен тәртіпті сақтау қажеттігін, суды өңірдегі барлық шаруалар арасында әділ әрі ортақ келісіммен бөлу керек екенін түсіндірді.

– Кез-келген бау мен бақша байбаламмен өспейді, бабымен жетіледі, – деді Нұрбол Тұрашбеков. – Алайда, су қорының тұрақсыздығынан туындайтын мәселелерді шешу үшін суды үнемдеу және заманауи суару технологияларын енгізу аса маңызды. Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларына көшу туралы берген тапсырмасының түпкі мәні осы – суды үнемдеу арқылы ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған.

Кеңесте қойылған міндеттер бойынша нақты іс-шаралар жоспары әзірленіп, алдағы уақытта суармалы жерлерді тиімді пайдалану мақсатында жаңғырту, суару жүйелерін автоматтандыру, суды есептеу және бақылау құралдарын енгізу бойынша шаралар қарастырылды. Сонымен қатар, су тасқыны мен құрғақшылық жағдайларының алдын алу үшін су қоймаларын және арықтарды тазалау, су арналарының жұмысын жақсарту жұмыстарын жалғастыру жоспарланды.

Кездесу соңында «Бөген» су қоймасының басында шаруалардың бастамасымен дәстүрлі түрде құрбандық шалынып, ардагерлер мен диқандарға арналған ас берілді. Бұл шара ауыл шаруашылығы қауымдастығын біріктіру мен ынтымақтастықты арттыруға ықпал ететін ежелден келе жатқан дәстүрлі рәсім болып табылады.

Осылайша, Түркістан облысының жеті ауданынан келген шаруалар арасындағы бұл кеңес ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді шешу бағытында ортақ келісімге келуге және алдағы кезеңде суармалы егістік алқаптарының өнімділігін арттыруға бағытталған тың қадамдардың бастамасы болды. Мемлекет пен жергілікті билік өкілдерінің қолдауымен су ресурстарын тиімді пайдалану және жаңғырту жұмыстары одан әрі жалғасын табады деп күтілуде.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Полиция ойын алаңшасын қиратқан  жасөспірімдерді анықтады

Полиция ойын алаңшасын қиратқан жасөспірімдерді анықтады

04.08.2025
В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды

04.08.2025
В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

04.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған