• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 5 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТТАР МЕН КӘСІПОРЫНДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

26.05.2025
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЗАУЫТТАР МЕН КӘСІПОРЫНДАР САЛЫНЫП ЖАТЫР

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыстық Инвестициялық штабтың кезекті мәжілісі өткізілді. Жиынға өңірдің түрлі деңгейдегі жауапты тұлғалары, оның ішінде инвесторлар, аудан және қала әкімдері, басқарма басшылары, сондай-ақ кәсіпкерлік пен инвестиция саласындағы мекеме жетекшілері қатысты. Мәжілісте облыста іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жағдайы егжей-тегжейлі қаралып, туындаған өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.

Оқи отырыңыз...

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

01.08.2025
МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

31.07.2025
Абай ауданындағы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар

Абай ауданындағы спорт алаңшалары: тұрғындардың денсаулығы мен белсенді өмір салтына жағдай жасау

31.07.2025

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров мәжілісте қатысушыларға жобаларды сапалы әрі жедел жүзеге асыруды, өндіріс орындарын көбейтуді және инвестициялық жобаларды жүйелі түрде қолдауды тапсырды. Өз сөзінде ол әрбір жобаның іске асырылу барысын мұқият бақылаудың маңыздылығына назар аударды.

– «Бүгінгі инвестициялық штаб отырысында өңіріміздің экономикалық дамуына серпін беретін маңызды мәселелер қаралуда. Біз әрбір жобаның іске асырылу барысын жүйелі түрде қадағалап, туындайтын кедергілерді жоюға барлық қолдауымызды көрсетеміз. Аудан және қала әкімдері, басқарма басшылары үйлестіру және инфрақұрылымдық мәселелерді жедел шешуі тиіс. Басты мақсатымыз – жаңа өндіріс орындарын ашу арқылы отандық өнім көлемін арттыру», – деді Нұралхан Көшеров.

Жиында инвесторлар мен кәсіпкерлердің ұсыныстары тыңдалып, кейбір басшылардың жұмысы жеткілікті деңгейде ұйымдастырылмағандығы жөнінде сын-ескертпелер айтылды. Бұл бағыттағы кемшіліктерді жою және жұмысты күшейту туралы нақты тапсырмалар берілді.

Мәжілісте қаралған инвестициялық жобалардың ішінен бірнеше маңызды бағытқа ерекше тоқталынды. Атап айтқанда, Сауран ауданында «Xingtai Tiancheng Textile Co., Ltd.» компаниясы мақта өсіру, жіп иіру және тоқыма өндірісін біріктіретін зауыт салу жобасын жүзеге асыруда. Бұл кәсіпорын 120 адамды тұрақты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. Ордабасы ауданында ірі қара мал сүйектерін қайта өңдеу арқылы майлы және желатинді компоненттер өндіретін зауыт салынады. Бұл жоба өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға ықпал ететін маңызды бастама болып табылады.

Түркістан қаласында «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС салқындатқыш жабдықтар шығаратын зауытының екінші кезеңінің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, қалада еденге арналған жабын материалдарын шығаратын зауыт, бір реттік ыдыс-аяқ өндіретін кәсіпорын, кептірілген жемістерді өңдейтін зауыт және тағы да бірнеше жобалардың құрылыс-монтаж жұмыстары пысықталуда.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері Түркістан облысына тартылған инвестиция көлемі 196,5 миллиард теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары болып отыр. Облыста 2025-2028 жылдарға арналған 110 инвестициялық жобалар пулын қалыптастыру арқылы экономиканың тұрақты дамуына жаңа серпін беруге жағдай жасалды. Биылғы жылы 322 миллиард теңге сомасына 57 жоба іске қосылып, 6908 жаңа жұмыс орны құрылуы жоспарланып отыр.

Облыстағы индустриалды аймақтар мен шағын өндірістік парктер кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіп, олардың жобаларын жүзеге асыруға барлық жағдайды жасап отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірдің инвестициялық ахуалын жақсартып, жаңа өндіріс орындарын ашуға мүмкіндік беріп, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда.

Осылайша, Түркістан облысында салынудағы жаңа зауыттар мен кәсіпорындар өңірдің индустрияландыруы мен экономикалық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқаруда. Бұл өз кезегінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және тұрақты даму саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Полиция ойын алаңшасын қиратқан  жасөспірімдерді анықтады

Полиция ойын алаңшасын қиратқан жасөспірімдерді анықтады

04.08.2025
В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды

04.08.2025
В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

04.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған