• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 5 августа, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Без рубрики

ТҮРКІСТАН: СУ ҮНЕМДЕУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

26.05.2025
in Без рубрики
ТҮРКІСТАН: СУ ҮНЕМДЕУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

default

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту, суармалы егістік көлемін ұлғайту және су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу – стратегиялық маңызы бар басым бағыттардың бірі ретінде белгіленіп отыр.

Оқи отырыңыз...

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН ЖЕРЛЕСІМІЗ — ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

01.08.2025
МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

МАЙДАНТАЛДА БІР ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАНДЫ

31.07.2025
Абай ауданындағы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар

Абай ауданындағы спорт алаңшалары: тұрғындардың денсаулығы мен белсенді өмір салтына жағдай жасау

31.07.2025

Осыған байланысты облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте суармалы жерлерді игеру және ылғал үнемдеу технологияларын енгізу мәселелері кеңінен талқыланды. Жиынға аудан-қала әкімдері, сала мамандары және инвесторлар қатысты.

2030 жылға дейін – 216,3 мың гектарға жаңа технология:
Түркістан облысында 2030 жылға дейін су үнемдеу технологияларын 216,3 мың гектар жерге енгізу көзделіп отыр. Бұл – өңірдегі жалпы суармалы алқаптың негізгі бөлігін заманауи, үнемді жүйелермен қамтуға мүмкіндік береді.

2024 жылы 27 мың гектар жерге жаңа технология енгізу жоспарланған болатын. Алайда нақты жұмыстар нәтижесінде бұл көлем 2 есеге ұлғайып, өңірдің ауыл шаруашылығына қосымша серпін берді. Бұдан бөлек, шетелдік инвесторлардың қатысуымен тағы 32 мың гектарға заманауи технология ендірілді.

Су тапшылығы қатты сезілетін Оңтүстік аймақтарда – атап айтқанда, Отырар, Сауран, Шардара аудандарында 24 мың гектарға ылғал үнемдеу технологиясын ендіру жоспарлануда.

Суармалы жер – табыстың көзі:
Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің айтуынша, суармалы жерлерді тиімді игеру – тек ауыл шаруашылығын дамыту ғана емес, сонымен қатар импортты алмастыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбек өнімділігін арттырудың басты тетігі.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев суармалы жерлердің әлеуетін арттыруды, жоғары рентабельді дақылдар өндірісін кеңейтуді нақты тапсырды. Бұл бағыттағы әрбір бастама жоспарлы әрі тиімді болуы тиіс. Су үнемдеу – тек экологиялық емес, экономикалық қажеттілікке айналды, – деді облыс басшысы.

Қос субсидия – кәсіпкерге нақты көмек:
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың баяндауынша, фермерлерді су үнемдеу технологияларына көшуге ынталандыру мақсатында мемлекеттік және жергілікті деңгейде қос субсидиялау тетігі қарастырылған.

Мәселен, тамшылатып суару, жаңбырлатып суару, автоматтандырылған жүйелер секілді озық технологияларды енгізуге кеткен шығынның 50 пайызы – республикалық бюджеттен, ал қосымша 30 пайызы – облыстық бюджеттен өтеледі. Бұл – жабдық сатып алуға, инфрақұрылым жүргізуге және агротехникалық қызметтер алуға арналған нақты қолдау.

Ірі су қоймалары – су тапшылығына тұрақты шешім:
Су тапшылығы мәселесін түбегейлі шешу үшін облыста жаңа су қоймаларын салу жобалары қолға алынған. Қазіргі таңда:

— «Бәйдібек ата» және «Қарақуыс» су қоймаларының құрылысы жүргізілуде;

— «Боралдай» және «Иқан су» су қоймаларының жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалған.

Бұл нысандар іске қосылған жағдайда, «Бөген» су қоймасына жылына қосымша 120,3 млн м³ ағын су жеткізіліп, Түркістан қаласы мен оған жақын аудандарда суармалы жер мәселесі шешімін табады.

«Боралдай» су қоймасы іске қосылғанда Ордабасы, Бәйдібек, Отырар және Сауран аудандарындағы 67 мың гектар алқапты ағын сумен қамту көзделіп отыр. Оның ішінде:

— Отырар мен Сауранда – 6000 га жаңа егістік жер,

— Ордабасы ауданында – Қажымұхан ауылдық округінде 630 гектар жер суармалы жер ретінде қосылады.

Су үнемдеу – агросаланы жаңғыртудың негізі:
Түркістан облысы ауыл шаруашылығында су ресурстары басты рөл атқарады. Сондықтан өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу – жай ғана технологиялық қадам емес, жауапты әрі ұзақ мерзімді стратегиялық саясат.

Бұл тек шаруа қожалықтарының емес, тұтас елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің сенімді жолы. Қазіргі таңда Түркістанда қолға алынған жобалар мен қолдау тетіктері өз тиімділігін көрсетіп отыр. Ең бастысы – су ресурстарын ұқыпты пайдалану арқылы ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бар.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Полиция ойын алаңшасын қиратқан  жасөспірімдерді анықтады

Полиция ойын алаңшасын қиратқан жасөспірімдерді анықтады

04.08.2025
В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

Шымкентте тазалық пен тәртіпті бұзғандар жауапқа тартылды

04.08.2025
В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

04.08.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған