«Медиация» туралы заңның күшіне енгеніне он жылдан астам уақыт өтті. Бұл заң қазақтың дәстүрлі құқық жүйесінің лайықты жалғасы болып табылады. Тарихқа назар аударсақ, бітімгершілікті негізге алған ежелгі заңдардың барлығы дауларды шешуге, ел ішіндегі бірлікті сақтауға, дауларды мәміле арқылы реттеуге, тараптардың бір-біріне деген құрметін сақтауға және екі жақты татуластыруға бағытталған.
«Медиация» туралы заңның міндеттері кең ауқымды, ал мақсаты жоғары. Осыған орай, Қазақстандағы сот медиациясының артықшылықтары мен тиімділігін түсіндіру үшін ауқымды жұмыстар атқарылды. Түсіндіру, насихаттау және ақпараттандыру бағытындағы бұл кешенді жұмыстарға соттармен қатар, әкімдіктер, адвокаттар, нотариустар, заңгерлер мен тиісті орган қызметкерлері де қатысып, қолдау көрсетті. Дегенмен, бітімгершілікті дамытудағы жанкешті еңбектің басында қазақстандық судьялардың тұрғанын атап өтуіміз керек.
Медиация туралы заңның көптеген артықшылықтары бар, және азаматтар бұл артықшылықтарды тәжірибе барысында біртіндеп түсіне бастады. Сот пен медиация арасындағы басты айырмашылық – сот процесінің белгілі бір мерзімі бар. Бір істі қарау мен шешім қабылдау бірнеше аптаға, тіпті айларға созылуы мүмкін. Ал медиация уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, себебі тараптар өзара келісімге келіп, сот шешімін күтпей-ақ мәселені шешеді.
Сонымен қатар, сот процесі қаржылық тұрғыдан да ауыртпалық тудырады. Сотқа бару, заңгер жалдау, жұмыстан уақыт сұрау – бұның бәрі қосымша шығындарға әкеледі. Ал медиацияда заңгерге жұмсалатын қаржы үнемделеді, жұмыс орнынан сұрау немесе сотқа бару үшін қосымша шығындар болмайды. Бұдан бөлек, медиативтік келісімге келген азаматтардың мемлекеттік баж салығы да қайтарылатындығын ескеру маңызды.
Медиацияның артықшылықтары шын мәнінде көп. Уақыт өткен сайын азаматтар бұл заңның тиімділігін түсіне бастады. Сот пен медиацияның арасындағы басты айырмашылық – сотта істерді қараудың нақты мерзімі бар. Бір істі шешу бірнеше апта немесе тіпті айлар алуы мүмкін. Ал медиация уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді, себебі тараптар өзара келісімге келіп, сот шешімін күтпестен, тез арада мәселені шешеді.
Сондай-ақ, сот ісін жүргізу қаржылық тұрғыдан да ауыртпалық туғызады. Сотқа бару, заңгер жалдау, жұмыстан сұрану – бұның бәрі қосымша шығындарды талап етеді. Медиацияда бұл шығындар азайып, заңгерге ақша жұмсаудың қажеті болмайды, әрі жұмыстан сұранудың да қажеті жоқ. Сонымен қатар, медиативтік келісімге келген азаматтар мемлекеттік баж салығын қайтарып алады.
Медиация – бұл ерікті келісім. Тараптар өзара пікір алмасып, мәселені бірлесіп шешкендіктен, артық дау туындамайды, сондықтан олардың арасындағы сыйластық та бұзылмайды. Сот процесі, керісінше, сот шешімімен аяқталады, бірақ екі тарап сот шешіміне толық қанағаттанбаған жағдайда, сот актілерінің орындалуы созылып кетуі мүмкін. Кейбір сот актілері орындалмай қалуы да мүмкін. Ал медиацияда тараптардың келісімімен мәселенің шешімі табылғандықтан, келісімдердің орындалуы жылдам әрі тиімді болады.
Тағы бір артықшылық – сот отырыстары ашық, жария түрде өтеді, ал медиацияда құпиялылық сақталады. Қазақстанның заңдарында кейбір істерге шектеу қойылғанымен, жалпы сот процестеріне БАҚ өкілдері мен қызығушылардың қатысуына рұқсат беріледі. Ашық сот отырыстарында азаматтар өздерінің жеке деректерін жария етуге мәжбүр болады, бұл ақпарат кейіннен қоғамдық назарға ілігеді. Медиациялық келісім осындай жағдайлардан азаматтарды қорғайды.
Соттардың құзырлы органдармен меморандумдар жасап, медиацияны насихаттауы жаңа институттың халық арасында танымалдылығын арттырды. Бүгінде дауды сотқа жеткізбей, өзара келісімге келетін азаматтардың саны өсуде.
А.НҰРЛАНҰЛЫ,
Шымкент қаласының
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының аға сот приставы.