Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Шымкент қаласы Абай ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен тұрғындарға құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, халыққа заң талаптарын кеңінен түсіндіру, сондай-ақ тұрғындарды толғандырған құқықтық мәселелер бойынша тегін кеңес беру арқылы олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу болды.
Акция барысында прокуратура қызметкерлері мен тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері тұрғындарды жеке қабылдап, әрбір өтініш иесінің мәселесіне жан-жақты назар аударды. Азаматтар алимент өндіру, еңбек даулары, тұрғын үй қатынастары, жер мәселелері, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды рәсімдеу, атқарушылық іс жүргізу, алаяқтықтан қорғану, әкімшілік құқық бұзушылықтар және өзге де құқықтық сипаттағы сауалдар бойынша кеңестер алды.
Қабылдау кезінде тұрғындардың көтерген сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріліп, кейбір мәселелер бойынша жауапты мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі көрсетілді. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері назарға алынып, заң аясында тиісті құқықтық көмек көрсету шаралары ұйымдастырылды.
Жалпы акция аясында 50-ге жуық азамат қабылданып, олардың әрқайсысына құқықтық мәселелерін шешу жолдары түсіндірілді. Мұндай ашық форматтағы кездесулер тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтып қана қоймай, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.
Бүгінде қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі – заң үстемдігін орнықтыру. Осы тұрғыдан алғанда, «Құқықтық дәріхана» сынды акциялар халық пен құқық қорғау органдары арасындағы тиімді байланысты күшейтіп, құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
Шымкент қаласының прокуратурасы алдағы уақытта да азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған осындай түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырады. Заң талаптарын білу және сақтау – әрбір азаматтың




