• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 17 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ҚХА-НЫҢ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАТЫСТЫ

25.04.2024
in Руханият
ТҮРКІСТАН: АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ ҚХА-НЫҢ ХХХІІІ СЕССИЯСЫНА ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті.
Президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, биылғы сессияны онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдаған болатын.
Сессия жұмысына онлайн режимде Түркістан облысы әкімінің орынбасары — облыстық ҚХА төрағасының орынбасары Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Сейітжанов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева, сондай-ақ өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Ассамблея құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары, жастар қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінгенін атап өтті.
«Ассамблея сессиясы жыл сайын Бірлік күні қарсаңында өтеді. Ал биылғы басқосу мемлекетіміз үшін күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Шын мәнінде, бұл сессияны дәл осы кезде өткізудің мәні зор. Бірлік пен ынтымақ — ешқашан ескірмейтін құндылықтар. Бұған осы күндерде көзіміз жетті деуге болады», — деді Президент.
Мемлекет басшысы халқымыз өте ауыр сынаққа тап болғанын баса айтты.
«Қазақстан аумағының жартысын тасқын су басып қалды. Еліміздің мызғымас бірлігі осы қиын күндерде айқын көрінді. Құтқарушылар, волонтерлер, мемлекеттік қызметшілер, сарбаздар, тәртіп сақшылары, қоғам белсенділері, бизнес өкілдері және жастар — бәрі бірге жүр. Ортақ істен ешкім шет қалған жоқ. Бүкіл аймақта қоғамның барлық өкілдері бір кісідей жұмылды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент отандастарымыз зардап шеккен жандарға жаппай қол ұшын созып жатқанына назар аудартты.
«Бір-біріне шынайы жанашыр болды. Мен қарғын сумен күресуге зор үлес қосқан нағыз отаншыл азаматтарға шексіз ризамын. Біз сын сағатта жұрт болып жұмылдық. Үкімет, мемлекеттік органдар, құзырлы мекемелер және еріктілер бірлесе жұмыс істеді. Соның арқасында 119 мыңнан астам адам дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Оның 45 мыңға жуығы — балалар. Ең бастысы, біз адам өмірін барынша сақтап қалдық», — деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз...

Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

Рухани жаңғыру:  Қоғамдық сананы жаңғырту – Тәуелсіз Қазақстан тұлғасының заманауи әлеуметтік-экологиялық тұрақтылығын қалыптастырудағы маңыздылығы

16.12.2024
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АССАМБЛЕЯ – КЕЙБІР АДАМДАР АЙТЫП ЖҮРГЕНДЕЙ, ЖАСАНДЫ ҰЙЫМ ЕМЕС

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: АССАМБЛЕЯ – КЕЙБІР АДАМДАР АЙТЫП ЖҮРГЕНДЕЙ, ЖАСАНДЫ ҰЙЫМ ЕМЕС

25.04.2024
ПРЕЗИДЕНТ ҚОҒАМДЫҚ 5 КЕСЕЛДІ ЖОЮҒА БҮКІЛ ЕЛ ЖҰМЫЛУЫ КЕРЕКТІГІН АЙТТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚОҒАМДЫҚ 5 КЕСЕЛДІ ЖОЮҒА БҮКІЛ ЕЛ ЖҰМЫЛУЫ КЕРЕКТІГІН АЙТТЫ

25.04.2024
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕДИНСТВО, СОГЛАСИЕ, ДРУЖБА: ФЕСТИВАЛЬ В ШЫМКЕНТЕ

ЕДИНСТВО, СОГЛАСИЕ, ДРУЖБА: ФЕСТИВАЛЬ В ШЫМКЕНТЕ

17.05.2025
ШЫМКЕНТ: ҰЛТТАР ҮНДЕСТІГІ ДӘММЕН ДӘРІПТЕЛДІ

ШЫМКЕНТ: ҰЛТТАР ҮНДЕСТІГІ ДӘММЕН ДӘРІПТЕЛДІ

17.05.2025
Сәуір айында ЭЕБ-да белсенділік өсуі байқалды

Сәуір айында ЭЕБ-да белсенділік өсуі байқалды

17.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған