Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде отбасында атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»,-деген екен әл-Фараби. Технологияның дамып, әлемдік жаһандану үдерісі кезінде білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізу керектігін көпшілік мойындап отыр.
Кешегі күнсіз келешек жоқ. Бүгінгі ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату – біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы бабаларымыздың өнеге-өсиетін сабақтастырып, ұтымды пайдалана білуімізге де байланысты деп ойлаймын.
Теолог маман А.Сейдуәлі