• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 18 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Әйелдердің құқықтарын қорғау

10.11.2023
in Басты ақпарат
Әйелдердің құқықтарын қорғау

Әйелдер мен қыздардың құқықтары адам құқықтарының ажырамас, құрамдас бөлігі болса да көп жағдайда келеңсіз оқиғалар мен төменсіту орын алып жатады. Нәзік жандыларға қатысты зорлық-зомбылық туралы ресми деректер, теңдік пен құқық мәселесі дәстүр мен əйелдің қоғамдағы таптаурын рөлінің көлеңкесінде қалып қояды.
Жасырары жоқ, көп жағдайда әйелдердің құқығын қорғай алмай жатамыз. Зорлық-зомбылыққа жол беріліп кетеді. Мінекей, біз осыған жекелей ғана емес, тұтас қоғам болып жұмылып тосқауыл қоюымыз қажет.
Қазақстан Республикасының Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы, сондай-ақ, Тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылық профилактикасы туралы заңдары қабылданып, 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы, т.б. арнайы бағдарламалардың бекітілуі осының жарқын көрінісі.
Гендерлік теңдіктің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы гендерлік саясат концепциясы туралы Үкімет қаулысымен нақтыланды. Бұл заңдар мен тұжырымдамада әйелдер мен ерлердің билік құрылымдарына тең дәрежеде қатысып, кәсіптерін дамытуы, сонымен бірге отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыруына жағдай жасау бағыттары қамтылған. Бұдан әрі нақтыласақ тұжырымдаманы жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында отбасы институтын нығайту, репродуктивті денсаулықты сақтау, балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою, 2030 жылға дейін басшылық қызметтердегі әйелдер санын 30 пайызға арттыру жоспарланған. Соған сай елімізде мемлекеттік қызметте, кәсіпте, сот, құқық қорғау органдары, барлық салада қыз-келіншектер ерлермен бірдей тең дәрежеде еңбек етіп жатыр.
Елімізде гендерлік стратегияны іске асыру барысында ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің кеңеюінде оң динамикаға қол жеткізілді. Отбасылық міндеттерін еңбек қызметімен ұштастыруда еңбек заңнамасында ата-аналардың икемді жұмыс түрлері мен бала күтімі бойынша демалыс алуға құқықтары туралы нормалар бекітілді. Сонымен қатар, жүкті және баласы бар әйелдердің жұмысын реттеу ерекшеліктерін бекітетін нормалар нақтыланды. Мысалы, Еңбек туралы заңмен әйелдер еңбегін ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда пайдалануға және олардың шекті нормадан асатын жүкті қолмен көтеріп, жылжытуына тыйым салынды.
Сонымен бірге әлеуметтік төлемдер жүйесінде бала тууына және оның бір жасқа дейінгі күтіміне, мүгедек баланы тәрбиелеуге, 18 жасқа дейінгі балаларға, көпбалалы аналар мен отбасылар үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар қарастырылды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елдің еңсесін көтеруге әйелдер қауымының қосқан үлесі шексіз. Гендерлік саясат әйелді ерден жоғары қоюды емес, ең алдымен оларды ерлермен тең дәрежеде билікке тартуды, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасауды, отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол бермеуді көздейді.
Гүлмира СЕБАЕВА,
Шымкент қаласының
мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің басшысы.

Оқи отырыңыз...

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады

15.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026
Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

17.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған