• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 18 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026
in Басты ақпарат
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасында қырғыз делегациясымен ауқымды кездесу өтті. Жиынға Қырғызстан Республикасы Экономика министрлігінің басқарма басшысы Искандербек Маматов, Кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова, Symkent Invest АҚ Инвестициялар жұмылдыру орталығының директоры Болат Етекбаев, «Даму саясатының институты» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы Надежда Добрецова, шымкенттік және қырғызстандық кәсіпкерлер қатысты.

Оқи отырыңыз...

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026

Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады

15.04.2026
ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ

13.04.2026

Кездесуде екі ел арасындағы, оның ішінде бауырлас ел кәсіпкерлерінің Шымкенттің бизнес өкілдерімен тығыз байланысты одан әрі нығайту, өзара тиімді байланыстарды жаңа деңгейге шығару барысы талқыланды.

«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2025 жылы 2,2 млрд АҚШ долларын құрап, соңғы жылдардағы ең жоғары рекордтық көрсеткішке жетті. Оның ішінде былтыр Шымкент қаласының кәсіпорындары Қырғызстанға 68,3 млн АҚШ доллары көлемінде тауар экспорттады. Оның негізгі бөлігін ұн (12,5 млн), цемент (6,5 млн), пластмасса бұйымдары (4,4 млн), кондитерлік өнімдер (1,9 млн) және басқа да тауарлар құрайды.

Қырғызстаннан 14,4 млн АҚШ доллары көлемінде тауар импортталған. Оның ішінде пластмасса бұйымдары (5,7 млн), мұнай өнімдері (2,0 млн), керамикалық плиталар (1,5 млн), бояулар (0,7 млн) және басқа да өнімдер бар.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында Қырғызстанның қатысуымен 32 компания тіркелген, оның 23-і белсенді жұмыс істейді. Бұл компаниялар негізінен сауда, өңдеу өнеркәсібі, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларында қызмет атқарады», – деді Сабира Адамбекова.

Қонақтарға «Атамекен» ҰКП құрылымы, кәсіпкерліктің дамуы бойынша жұмысы және мемлекеттік органдармен өзара байланысы туралы кеңінен мәлімет берілді.

Ал «Symkent Invest» АҚ өкілі Болат Етекбаев Шымкент қаласындағы индустриалды аймақтар, арнайы экономикалық аймақтардың құрылу принципі, өндірістікке, жұмыс процесіне қолайлы жағдай жасау, арнайы экономикалық аймақтағы кәсіпкерлерге қарастырылған жеңілдіктер барысы туралы кеңінен мәлімет берді.

Кездесу барысында қырғыз делегациясының мүшелері де сөз алып, іскерлік қауымдастықтар, кәсіпкерлік жайлы таныстырды, екі жақты іскерлік байланысты нығайту, өзара тиімді келісім-шарттар жасасу, ортақ жобалардың санын арттыру жайында ой-пікірлерін жеткізді.

«Ат-Башы аудандық кәсіпкерлік қауымдастығы 2024 жылы құрылған. 7 кластер – ет, сүт, бал, балық, қарақат пен бүлдірген, дәрілік шөптер және туристік бағыт бойынша жұмыс істейді. Негізгі миссиямыз – кәсіпкерлер мен мемлекеттік ұйымдар арасындағы әріптестікті дамыту, қуатты әрі тиімді іскерлік саясатты жүргізу және бизнестің бәсекеге қабілеттілігін дамыту.

Осы мақсатта 2023 жылы өңірімізде бизнес-форум, ал 2024 жылы агрофорум өткіздік. Көрші елдердің арасынан алғаш болып Қазақстанға келіп отырмыз. Мұндағы мақсатымыз – бизнесті дамыту бойынша тәжірибе алмасу, байланысты нығайту», – деді Ат-Башы аудандық кәсіпкерлер қауымдастығының төрайымы Сымбат Аттокурова.

Көрші ел өкілдерін Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы, инвестицияға қолайлы жағдай жасау, жергілікті биліктің қолдауы, мемлекеттік органдармен жұмыс істеу тәжірибелері қызықтырды.

Жиын соңында Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы мен Ат-Башы және Ноокат кәсіпкерлер ассоциацияларының арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Подписан меморандум с бизнес-ассоциациями Кыргызстана

17.04.2026
Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

Қырғызстанның бизнес ассоциацияларымен меморандум түзілді

17.04.2026
Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті

17.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған