• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 16 июля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Руханият

АЛМАТЫДА ТҮРЛІ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ

27.09.2023
in Руханият
АЛМАТЫДА ТҮРЛІ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІНЕН ҚҰРАЛҒАН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР БАҚ СЫНАСТЫ

Алматыда әскери қызметтегі өзге ұлт өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім!» байқау-сайысы ұйымдастырылды. Ақтық кезеңде сарбаздар қазақ тілінен шеберліктерін танытты.

Оқи отырыңыз...

200-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

200-ГЕ ЖУЫҚ ОҚУШЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

30.06.2026
РЕАЛИЗАЦИЯ ПРИНЦИПОВ «СПРАВЕДЛИВОСТЬ И СОЛИДАРНОСТЬ» В ГОРОДЕ ШЫМКЕНТ: РЕЗУЛЬТАТЫ И ОБЩЕСТВЕННЫЙ ЭФФЕКТ

РЕАЛИЗАЦИЯ ПРИНЦИПОВ «СПРАВЕДЛИВОСТЬ И СОЛИДАРНОСТЬ» В ГОРОДЕ ШЫМКЕНТ: РЕЗУЛЬТАТЫ И ОБЩЕСТВЕННЫЙ ЭФФЕКТ

14.06.2026
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ӘДІЛДІК ПЕН ЫНТЫМАҚ» ҚАҒИДАТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ: НӘТИЖЕЛЕР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ӘСЕР

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА «ӘДІЛДІК ПЕН ЫНТЫМАҚ» ҚАҒИДАТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУ: НӘТИЖЕЛЕР МЕН ҚОҒАМДЫҚ ӘСЕР

14.06.2026

Жылда дәстүрге айналған байқаудың мақсаты – Ұлттық ұлан сапында, ел мүддесі жолында қызмет етіп келе жатқан өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген қызығушылығын  арттырып,  қазақ  тілін  жіті  меңгергендерді марапаттау.

— 26-28 қыркүйек күндері әскери бөлімдерінің жергілікті ұлт өкілі емес әскери қызметшілері арасында «Мемлекеттік тіл – менің тілім!», мемлекеттік тілді енгізуге жауапты мамандар арасында «Үздік маман» байқау-сайыстары өткізіледі. Бұл іс-шара 2007 жылдан бастап, еліміздің әр аймағында ұйымдастырылып келеді. Биыл Алматы қаласында өткізіліп жатыр. Ұлттық ұланның әр әскери бөлімшілерінен 150-ге жуық қатысушы өтініш білдірді. Ақтық сынға 9 адам іріктеліп шықты. Байқау үш кезеңнен тұрады. Жеңімпаздарға материалдық және моральдық көмек көрсетіледі. Қазақстан Республикасы ІІМ орынбасары – Ұлттық ұлан Бас қолбасшының атынан жеңімпаздарға алғыс хат пен ақшалай сертификаттар беріледі. Қазіргі уақытта Ұлттық ұлан қатарындағы сарбаздарға мемлекеттік тілді үйрету мақсатында жұмыстар атқарылып жатыр, – дейді ҚР Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Жарылқасынұлы.

Жүлделі 1-орынды Қостанай қаласынан келген Кирилл Пономаренко жеңіп алды. Ол – «Орталық» өңірлік қолбасшылығының 6697 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері.

— Дайындығым өте жақсы болды. Ақтық сынға Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» әнін және басқа да өлең шумақтарына дайындалып келдім. Осы ретте айта кетерлігі, қыркүйек айында Ұлттық ұланда «Елге құрмет – тілге құрмет» акциясы өтіп жатыр. Ахмет Байтұрсыновтың 151 жылдығына орай осындай шаралар өткізіліп келеді. Менің ойымша, қазақ елінде дүниеге келген әрбір азамат қазақ тілін жетік білуі қажет. Мен өзім орыс мектебін бітірдім. Дегенмен әскерге келіп, патриоттық сезімім оянғандықтан, тілді жетік меңгеруге құлшынысым оянды. Меніңше, мемлекеттік тілді жетік білген адамның патриоттық сезімі жоғары болады, — дейді байқау жеңімпазы Кирилл Пономаренко.

Ал жүлделі 2-орынды «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының 3477 әскери бөлімінің намысын қорғаған кіші сержант Александр Чернов еншіледі. Үшінші орынды Алматы қаласы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5572 әскери бөлімінің ефрейторы Кирилл Канашевич жеңіп алды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Бүгін менің туған күнім еді…

Бүгін менің туған күнім еді…

16.07.2026
ТҮРКІСТАНДА АГРОДРОН ӨНДІРІСІН ІСКЕ ҚОСУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕН ӘКІМШІЛІК МӘСЕЛЕ ПАЛАТА БАҚЫЛАУЫНА АЛЫНДЫ

ТҮРКІСТАНДА АГРОДРОН ӨНДІРІСІН ІСКЕ ҚОСУҒА КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕН ӘКІМШІЛІК МӘСЕЛЕ ПАЛАТА БАҚЫЛАУЫНА АЛЫНДЫ

15.07.2026
Конституцияға енгізілген өзгерістер – ел дамуының жаңа кезеңі

Конституцияға енгізілген өзгерістер – ел дамуының жаңа кезеңі

15.07.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған