• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 15 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Қоғам

“САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ КЕРЕК”

07.08.2023
in Қоғам
“САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУ КЕРЕК”

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап өтсек, аудан бюджетінің 1-шілдеге атқарылуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов, тазалық және көгалдандыру жұмыстарының барысы және жылыту маусымына дайындық туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылбек Қанағат баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметовтің мәлімдеуінше Сауран ауданы бойынша 2023 жылдың 1 шілдедегі жағдайға кірістер бойынша жоспар 110,0%-ға орындалып, 214 437,0 мың теңге артық түскен. Есепті кезеңге кірістер жоспары барлық ауылдық округтерде толық орындалған.
Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асылбек Қанағаттың хабарлауынша Түркістан облысы әкімінің 14 сәуір 2023 жылғы №48 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, аудан аумағына кіре-беріс автомобиль жолдарымен ауылдық округтардың орталықтарын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарымен қасбеттерді ретке келтіру тапсырылған болатын. Сонымен қатар, бір ай мерзім ішінде (10 шілдеге дейін), Түркістан – Шорнақ автомобиль жол бойындағы қураған ағаштарды қырқу, әктеу, шөптерді шабу, қасбеттерді сырлау жұмыстары жүргізілуі тиіс болған. Түркістан – Шорнақ бағыты бойынша Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы, Үшқайық, Шорнақ, Қарашық, Жүйнек, Оранғай ауылдық округтері тиісті жұмыстарды атқаруда.
Қазіргі таңда, Майдантал, Жібек Жолы, Үшқайық, Қарашық, Шорнақ, Жүйнек ауылдық округтері бекітілген тапсырма бойынша өз аумақтарын аяқтап, қосымша Сүлейменов – Шаяхметов 6 шақырымдық көше бойынан қосымша аумақтар бөлініп, тазалық жұмыстары жалғасып жатқанын жатқанын жеткізді. Өз кезегінде тиісті жұмыстарды атқармай жатқан ауылдық округтерді де атап өтті.
Бұдан соң аудан бойынша 2023-2024 жылдарға жылу беру маусымына жалпы 70357 тонна қатты отын қажет болса, қазіргі таңда ауылдық округтер бойынша қатты отын тасымалдау жұмыстары жүргізілмегенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, ауданның барлық бюджеттік мекемелер жылу маусымына дайындық бойынша жылу жүйелерін ауамен сығымдау жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 тамызға дейін аяқтауы қажеттігін жеткізді.
Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы:

Глава государства:

14.07.2025
Мемлекет басшысы:

Мемлекет басшысы:

14.07.2025
IT-БУДУЩЕЕ НАЧИНАЕТСЯ ЗДЕСЬ: В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЁЛ ХАКАТОН «FUTURE MAKERS»

IT-БУДУЩЕЕ НАЧИНАЕТСЯ ЗДЕСЬ: В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЁЛ ХАКАТОН «FUTURE MAKERS»

14.07.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы:

Глава государства:

14.07.2025
Мемлекет басшысы:

Мемлекет басшысы:

14.07.2025
IT-БУДУЩЕЕ НАЧИНАЕТСЯ ЗДЕСЬ: В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЁЛ ХАКАТОН «FUTURE MAKERS»

IT-БУДУЩЕЕ НАЧИНАЕТСЯ ЗДЕСЬ: В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЁЛ ХАКАТОН «FUTURE MAKERS»

14.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған