• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 19 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қостанай тұқымы жылқылары арасында бәйге өтті

22.05.2023
in Мәдениет, Спорт
Қостанай тұқымы жылқылары арасында бәйге өтті

Бүгін Қостанай облысы Заречное ауылындағы «Арғымақ» ипподромында Қостанай тұқымы жылқылары арасында бәйге өтті.

Оқи отырыңыз...

САУРАН:«ӘКЕ -ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ, ҰЛ-БОЛАШАҚҚА ӨРНЕК» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

САУРАН:«ӘКЕ -ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ, ҰЛ-БОЛАШАҚҚА ӨРНЕК» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫҚ САЙЫСЫ ӨТТІ

17.07.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ЭКОКҮН» ЖӘНЕ «ДАРМАРКА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

12.07.2025
ДЕПУТАТТАР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

ДЕПУТАТТАР ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

08.07.2025

Жарыстың негізгі мақсаты — жалғыз Қазақстандық зауыттық жылқы тұқымы — Қостанай тұқымын қолдап және дамыту болып табылады.

Бәйге Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы мен ҚР «Бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен өтті.

Аламан додаға 41 жылқы қатысып, жарыс көркін қыздырды.

Аталмыш жарысқа Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, ҚР Парламент Сенатының депутаты Сергей Карплюк, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Динара Шукжанова мен Айдарбек Қожаназаров арнайы келіп, жеңімпаздарды құттықтады.

Салтанатты рәсімде сөз алған ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов тарихы терең Қостанай тұқымы жылқыларын сақтап қана қоймай, олардың санын көбейту мәселесі жөнінде айтты.

«Өздеріңізге белгілі, Қостанай жылқы зауытына биыл 135 жыл толса, Қостанай асыл тұқымы жылқысына 72 жыл толды. Ол — қазақтың жалғыз асыл тұқымды жылқысы. Алпыс жыл бойы ғалымдардың үздіксіз еңбегінің арқасында асыл тұқымды Қостанай жылқысы дүниеге келді.

Өкінішке орай, бүгінде — Қостанай тұқымы жылқыларының жойылып кету қаупі бар. Біз өзіміздің асыл тұқымды жылқыларымызды сақтап қана қоймай, олардың санын көбейту бойынша жүйелі жұмыстар істеуіміз қажет. Сондықтан бүгінгі жарысымыз маңызы ерекше.

Осынау шараны қолдап, жоғары деңгейде өткізуге атсалысқан Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлына, «Бәйге» федерациясының басшылығына, «Қазақ тұлпары» Қостанай жылқы зауытына өз алғысымды білдіремін» деді Исламбек Төлеубайұлы.

Сонымен, жарыс нәтижелеріне келер болсақ:

Ұшқыр бәйге 1000 м:

1-орын Ахмет Нұрасыл «Командор» есімді тұлпары;

2-орын Бильдибаев Ескендір «Нұрберген» есімді тұлпары;

3-орын Лобас Вероника «Самғау» есімді тұлпары.

 

Ұшқыр бәйге 1800 м:

1-орын Лобас Вероника «Рибэка» есімді тұлпары;

2-орын Қонысбаев Ерасыл «Коржик» есімді тұлпары;

3-орын Ертас Ринат «Берен» есімді тұлпары.

 

Құнан бәйге 5000 м:

1-орын Ахмет Нұрасыл «Загадочный» есімді тұлпары;

2-орын Ораз Нұрислам «Айназ» есімді тұлпары;

3-орын Әділханов Ертарғын «Қарақат» есімді тұлпары.

 

Аламан бәйге 18 000 м:

1-орын Ахметов Нұрасыл «Көктеміс» есімді тұлпары;

2-орын Рымхан Нұртілеу «Занзибара» есімді тұлпары;

3-орын Жүсіп Диас «Сұлтан» есімді тұлпары.

 

Одан бөлек, сайыс барысында көрермендер теңге ілу, аударыспақ спорт түрлері мен қыз қуу ойынын да тамашалады.

Айта кетейік, турнирдің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» АҚ, ал, серіктесі «Sportqory» спортты қолдау қоры болып табылды.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

20 шілде — Қазақстанда металлургтер күні

День металлурга в Казахстане — 20 июля

18.07.2025
20 шілде — Қазақстанда металлургтер күні

20 шілде — Қазақстанда металлургтер күні

18.07.2025
ҚАЛА ӘКІМІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН БІЛІМ ОРДАЛАРЫН АРАЛАДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТҚАН БІЛІМ ОРДАЛАРЫН АРАЛАДЫ

17.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған