• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 6 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БЕЙБІТ ЕЛДЕ ҒАНА БЕРЕКЕ БОЛАДЫ

23.12.2022
in Басты ақпарат
БЕЙБІТ ЕЛДЕ ҒАНА БЕРЕКЕ БОЛАДЫ

Бүгін Алматыда қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған мемориал-ескерткіштің ашылуы рәсімі өтті. Шараға Мемлекет басшысы арнайы келіп, тағзым етті. Аталған мемориалда жыл басында елімізде орын алған қайғылы оқиға бейнеленген. Бұл – бейбіт наразылыққа шығып, елдің тұтастығын бұзуға ниеттенген топтың кесірінен опат болған боздақтардың рухына тағзым ретінде орнатылған ескерткіш.

Оқи отырыңыз...

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

Ғылымсыз ауыл шаруашылығын дамыту мүмкін емес

03.07.2025
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты даулар қалай шешіліп жатыр?

03.07.2025
Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

Сауран ауданында кәсіпкерлікті дамытуға арналған қолдау шаралары талқыланды

02.07.2025

2022 жылдың қаңтарында еліміз дүр сілкінді, көптеген жазықсыз адамдар қайтыс болды, олардың арасында балалар да бар. Өкінішке қарай, бұл қазақстандықтардың көптеген отбасылары үшін сынақ болғаны рас. Орнатылған белгіде соңғы 30 жылдық тарихымыз қамтылған. Мемориалдан желтоқсан оқиғаларының жаңғырығын және қаңтар оқиғалары кезеңіндегі халықтың қайғысын көреміз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Тағзым» мемориалының ашылу рәсімінде қасіретті қаңтар — Тәуелсіздік кезеңіндегі ең күрделі оқиғаның бірі болғанын айтты.

– Сол күндері халқымызға зор қауіп төнді. Мемлекеттігіміздің тұғыры шайқала жаздады. Тіпті, «ел болып қаламыз ба, жоқ па» деген сұрақ туды. Бірақ біз мызғымас бірлігіміздің арқасында қатердің бетін қайтардық. Елдігімізді таныттық, мықты мемлекет екенімізді көрсеттік. Ел ішіне іріткі салғысы келген топтарға тосқауыл қойып, жымысқы әрекеттің жолын кестік. Күштік құрылымдарға шабуыл жасалып, қару-жарақ қоймалары тоналды. Соның кесірінен жазықсыз адамдар опат болды. Қираған дүниені қалпына келтіруге болады. Бірақ үзілген өмір қайта жалғанбайды. Мұндай оқиға ешқашан қайталанбауы үшін біз қолдан келгеннің бәрін жасап отырмыз. Еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғау – бәріміздің перзенттік парызымыз. Бұл мақсат – Президент ретінде мен үшін ең қасиетті борыш. Тұрақтылық пен татулық болса ғана, осы міндетті ойдағыдай орындай аламыз, – деді Президент.

Қазіргі әлемдік саясат – тек ел болып біріккенде ғана мемлекеттің шаңырағы шайқалмайтынын, уығы сынбайтынын, керегесі құламайтындығын көрсетті. Демек, біз осындай оқиғалардан сабақ алып, кез келген мәселені бейбіт жолмен шешіп, революциялық емес, эволюциялық жолмен қадам басуымыз қажет. Бұл – Тәуелсіздігіміз бен бейбіт өміріміз үшін маңызды екендігін уақыт көрсетті. Ендеше ынтымағымыз бен бірлігімізден айырылмайық, ағайын!

Жеңісбек МӘУЛЕНҚҰЛОВ,
Түркістан облыстық Ардагерлер алқасының төрағасы

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

05.07.2025
Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

Түркістан қаласының коммуналдық қызметтері жаңа арнайы техникалармен толықты

04.07.2025
ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ  ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА 100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫНА БАСПАНА КІЛТІ МЕН ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТІЛДІ

04.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған