• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 21 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Сайлау-2022

ТҮРКІСТАНДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ТҮРКІТАНУШЫЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ ӨТТІ

16.11.2022
in Сайлау-2022
ТҮРКІСТАНДА АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ 150 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ТҮРКІТАНУШЫЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ ӨТТІ

2022 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық түркітанушылар конгресі өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды оқыды. Мемлекет Басшысының құттықтауында «Ұлт ұстазы атанған Ахаң түбі бір, тарихы тамырлас елдер үшін аса құнды ғылыми-танымдық мұра қалдырды. Сол себепті оны барша түркі жұрты құрмет тұтады. Әзірбайжан, башқұрт, өзбек түрік халықтарының белгілі ғалымдары бас қосқан бүгінгі конгресс соның айқын дәлелі», – делінген.

Оқи отырыңыз...

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

В ШЫМКЕНТЕ ГОЛОСУЮТ ОБЩЕСТВЕННЫЕ ДЕЯТЕЛИ

19.03.2023
САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

САЙЛАУ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САЯСИ НАУҚАН

19.03.2023
ШЫМКЕНТТЕ 100-ГЕ КЕЛГЕН КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

100-ЛЕТНЯЯ ЖИТЕЛЬНИЦА ШЫМКЕНТА СДЕЛАЛА СВОЙ ВЫБОР

19.03.2023

Конгресте ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары Рамос Габриеланың Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған құттықтау сөзі бейнежазба арқылы берілді. Сонымен бірге ТҮРКСОЙ Бас хатшысының орынбасары Билял Чакыджы құттықтау сөзін оқыды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында атқарылған маңызды іс-шаралар жөнінде баяндама жасады.

Іс-шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей ғалымдары қатысып, мазмұнды баяндамалар жасап, тұлғаның болмысын ашты. Конгресс аясында Ахмет Байтұрсынұлының 12 томдық жинағының, Ахмет Байтұрсынұлының таңдамалы шығармаларының 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, түрік) әзірленген кітабының, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» 3 томдығының, филология ғылымдарының докторы Алмасбек Әбсадықовтың «Серт», «Ұстаз жолы» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Жиында Қазақстан, Түркия, Өзбекстан ғалымдары ТҮРКСОЙ-дың «Ахмет Байтұрсынұлы» медалімен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ахмет Байтұрсынұлы» ведомстволық төсбелгісімен марапатталды. Пленарлық отырыс секция отырыстарымен жалғасты.

«Ахмет Байтұрсынұлы және түркі тілдерінің теориясы мен тарихы» секциясына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы жетекшілік етті. «Ахмет Байтұрсынұлы және сөз өнері» секциясына «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры, филология ғылымдарының докторы Дихан Қамзабекұлы басшылық жасады.

Ал «Ахмет Байтұрсынұлы және қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар» секциясына Қазақстан Республикасы Білім академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешов жетекшілік етіп, маңызды баяндамалар жасалды. Конгресс қорытындысы бойынша қарар қабылданды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

21.05.2025
Жұмыс кездесуі өтті

Жұмыс кездесуі өтті

21.05.2025
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

21.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған