📌 Өздеріңіз білесіздер екі тәулік бұрын қостанайлықтарға Шымкент шаһарынан гуманитарлық керуен жолға шыққанын хабарлаған болатынбыз. Міне, шымкенттіктердің аманатын арқалаған жүк көліктері діттеген межеге аман-есен жетті.
✔️«AMANAT» партиясы әлеуметтік желі арқылы Қостанай облысындағы жағдайды барша қазақстандықтарға дер кезінде жеткізіп отыр. Осы күнге дейін Ұлытау, Жетісу, Атырау, Түркістан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ Алматы және Нұрсұлтан қалаларынан гуманитарлық көмек жолданды. Енді міне үшінші мегаполис халқының өрттен зардап шеккендерге арнайы жинаған қоры жеткізілді. Қиын сәтте ауызбіршілік танытып, көмек жинауға белсенді атсалысқан әрбір жанға тағы да алғыс білдіремін.
#Amanat #КөмекҚостанай #РухтастарҚостанайменБірге @ЕрланКошанов @АсхатОралов