• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 26 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Зертхана бөлімі жаңа қондырғылармен толықты

12.07.2022
in Басты ақпарат
Зертхана бөлімі жаңа қондырғылармен толықты

Отырар аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Еркін Нұрлыхановтың ұйытқы болуымен емхананың клиникалық диагностикалық бөлімі заманауи технологиямен жабдықталып, арнайы зертхана аппараттарымен толықты.
Аудан тұрғындарына тынбай қызмет көрсетіп келе жатқан зертхананың негізгі жұмысына стационарлық, шұғыл қызмет және емхананы қамту жұмыстары кіреді. Камшат Елтаева басшылық жасайтын бұл бөлімде биохимия, кооулограмма, жалпы зәр және нәжіс талдау анализдері, гепатит В,С, қанның және резус-фактордың тобы және онкоцитологиялық сынды 20 дан аса зерттеулер алынады. Айына жаңа туған сәбиден бастап 4000 –ға жуық тұрғын тиісті талдау тапсырса, жүйелі талдау жүргізу нәтижесінде 400-600 тұрғыннан түрлі аурулардың түрлері анықталған. Дәрігерлер скринингтік тексеруге қосылған гепатит В,С талдауының ауқымды жүргізілуінің арқасында, жастар арасында гепатит ауруының көбейгенін айтып дабыл қағуда.

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

23.09.2025
Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»

Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»

23.09.2025
Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

23.09.2025

Жақында аталған бөлімнің биохимиялық зерттеу кабинетіне көрсетілетін қызметтер мен зертханалық жұмыстардың сапасын жақсарту мақсатында жаңа қан талдау аппараттары әкелініп, іске қосылды. Ақ халаттыларымыздың жұмысын едәуір жеңілдеткен су жаңа биохимиялық аппарат «MINDRAY-240» деп аталады. Аталған аппарат еліміздің үлкен облыстарында орнатылған. Бұдан бұрын қолданыста болған «MINDRAY -220» аппараты 3 сағатта 40 адамның анализін сараптаудан өткізсе, «MINDRAY -240» аппараты 2 сағатта 50 адамның талдау нәтижесін дайындайды. Бөлімнің дәрігер лаборанты Мағжан Партаевтың айтуынша аппаратсыз қол әдісімен зертханалық талдаулар жасағанда уақыт көп кетсе, бұл аппарат адамның анализін 15 минутта автоматты түрде анықтап, дайындайды. Қант мөлшері, холестерин, бауыр-өт, бүйрек, жүрек жүйелерінің жұмыс істеу нәтижелерін, сонымен қатар зәр талдау әдісі арқылы бауыр мен бүйректің ауруларын да анықтай алады екен.
Жаңадан әкелінген аппараттың тағы бірі Американдық «Гематологиялық микросс 25». Бұл аппараттың ерекшелігі адам қанының 23 элементін тексеруге мүмкіндік береді. Қандағы вирустарды тексеру арқылы лейкоз сынды ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Егерде науқасқа жедел ота жасалыну керек болса, дер кезінде науқастың қанын талдауға таптырмас аппарат.
Сонымен қатар адам қанындағы калий, кальций, натрий, хлор, лактат сынды тағы басқа электролиттерді, қан тамырдағы қышқылды-сілтілі жағдайын анықтауға арналған КЩС автоматты аппараты да іске қосылды.
Бұл бөлімде жұмыс өтілі қырық жылға жуықтаған Гепатит В,С лаборанты Нышанкүл Бегімбетова, отыз жыл биохимия лаборанты болған Баян Төлегенова, жиырма бес жыл жалпы талдау лаборанты Қанткүл Дүйсе сынды 15 ке жуық тәжірбиелі мамандар қызмет атқарады. Зертхана мамандары жыл сайын өз біліктіліктерін арттыру мақсатында арнайы даярлықтан өтіп отырады. Алдағы уақытта бұл бөлімді тағы да жаңа заманауи құрылғылармен толықтыру жоспарда бар.
Шолпан ДҮТБАЕВА,

Түркістан облысы,

Отырар ауданы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

КӨЛІК-ЛОГИСТИКА САЛАСЫН ЖЕТІЛДІРУ – ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҚҚА ШЫҒУДЫҢ БАСТЫ ТЕТІГІ

25.09.2025
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

Начался конкурс на лучшее название первой АЭС Казахстана

25.09.2025
Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

Қазақстандағы алғашқы АЭС-ке үздік атау беру конкурсы басталды

25.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған