Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында басқарма басшыларының баяндамасы тыңдалып, бірқатар шешімдер қабылданды. Жалпы 8 мәселе қаралды.
Атап айтқанда, Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамту шаралары және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы, әлеуметтік сала бойынша мәселелер, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы талқыға түсті.
Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады.
Қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров «2022 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердің тізбесін және субсидиялау нормаларын, сондай-ақ, пестицидтердің, биоагенттердің құнын арзандатуға арналған субсидиялар көлемін бекіту мәселесін баяндады.
Жиында қаулы жобалары, жалпы қаралған мәселелер қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан қолдауға ие болды.
«Шымкент келбеті» – Т.Қасымов
Фото — Серік Қосаев