ЛИФТТЕРДІ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ!!!

Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік қадағалау қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жүктелген.
Қауіпті санатқа жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, арқан жолдар және фуникулерлер жатады. Олардың барлығы міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтеді. Ол үшін әрбір көтеру механизміне тиісті техникалық құжаттама болуы тиіс.
Лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын ҚР Инвестициалар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалангу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» сәйкес жүргізеледі.
Сондықтан бекітілген Ереженің талаптарына байлданысты лифтіні іске қоспас бұрын көтергіш механизмнің иесі (сертификатталған орнатушы) толық техникалық құжаттаманы ұсынылуы тиіс.
Барлық ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілгеннен кейін ғана мемлекеттік тіркеуге өтінім беріледі. Тіркеу мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарына сәйкес Е-gov платформасында электрондық форматта жүзеге асырылады. Яғни, әрбір лифт, эскалатор немесе фуникуляр мемлекеттік бақылауда.
Қазір біздің басқарма қызметкерлері қаланың лифт шаруашылығына түгендеу жүргізуде. Өткен жылы 125 жүк көтергіш қондырғы сыналды, оның 66-і мемлекеттік базада тіркелді, қалғандарына талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты бұл істен бас тартылды. Бас тартудың себептері әртүрлі, бірақ көп жағдайда бұл техникалық құжаттаманың толық емес пакеті. Меншік иесі бәрін ретке келтіргеннен кейін оған мемлекеттік тіркеуге өтініш беруге рұқсат беріледі» 500 Internal Server Error

Server Error

500

Internal Server Error

The server encountered an internal error or misconfiguration and was unable to complete your request. Please contact the server administrator to inform of the time the error occurred and of anything you might have done that may have caused the error. More information about this error may be available in the server error log.


That's what you can do