• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 15 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

16.05.2022
in Басты ақпарат
МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, «AMANAT» партиясының жанынан құрылған республикалық штаб мүшелерінің Түркістан облысы тұрғындарымен кездесулері 12 мамыр күні басталған болатын. Атап айтқанда, Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан, Қайнар Абасов және Сырым Ертаев жалпыұлттық референдум өткізу шараларына дейінгі халықты ақпараттандыру жұмыстарына қатысуда.
Д.Мыңбайдың екі күндік жұмыс сапары Төлеби ауданында өтті. Алғашқы күні Қаратөбе, Тасарық, Қасқасу және Алатау ауылдарына барып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізді. Онда референдумда қаралатын мәселелер, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сапары аясында көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған және мүмкіндігі шектеулі азаматтар, сондай-ақ жастармен сұқбат өрбітті. Кездесулерге облыстық мәслихат депутаттары Ғ.Елшібай мен Б.Айтқұлов та қатысты. Екінші күні ауылдық округтерге партиядан ұсынылып сайланған әкімдермен және партия резервінің мүшелерімен кездесті. Жиынға аудан әкімі Т.Телғараев қатысты. Сонымен қатар азаматтардың талап-тілектері де назардан тыс қалмады. Мәселен, Қаратөбе ауылындағы ауыз су мұқтаждығы мәселесі халық қалаулысының жеке бақылауына алынып, ол тиісті министрліктер арқылы оңтайлы шешілуіне атсалыспақ. Д.Мыңбай Леңгір қаласында ардагерлер кеңесінің мүшелерімен және аудандық мәслихат депутаттарымен де талқылау жүргізді.
Келес және Жетісай ауданындарына сапарлаған Қ.Ержан шалғай елді мекендерді аралады. Ошақты батыр, Жүзімдік, Бірлесу, Қошқарата, Ш.Ділдәбеков ауылдық округтерінде диқандар мен шаруалардың ұсыныстарын тыңдап, көпбалалы және аз қамтылған отбасылармен кездесті. Қ.Ержан қырыққабат алқабының да жай-күйімен танысты. Абай ауылындағы «Қазыналы қария-Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ақсақалдармен жүздесіп, саяси бетбұрыстар жайлы сөз қозғады. Депутатпен бірге аудан әкімі Мұрат Қадырбек те ұйымдастырылған шараларға қатысты. Абай ауылында жергілікті тұрғындардың шағымдары бойынша аудандық партия филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады. «Атамекен» ҰКП-да шағын және орта бизнес өкілдерімен, Асықата кентінде денсаулық сақтау саласының қызметкерлері және зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Еркін пікір алмасулар білім саласының мамандары, ақсақалдар, белсенді жастармен де жалғасын тапты. Сапары соңында республикалық штаб мүшесі Жаңа ауылдық округіне де аяқ басып, жергілікті тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру шараларын өткізді.
Қ.Абасов алдымен Түлкібас ауданы әкімі Н.Байғұттың Тастұмсық және Балықты ауылдарының тұрғындарына қоғамдық қабылдаулар өткізу және есеп беру жиындарына қатысты. Амангелді және Балықты ауылдарында бой көтеріп жатқан спорт мектептерінің құрылыс жұмыстарымен танысып, қызметкерлерімен кездесті. Балықты ауылында Жол картасы аясында ауыз су жүйесін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты депутат аталған жерге арнайы барып, құрылыс жұмыстарына бақылау жүргізді. Ал Түркістан қаласындағы сапарында «Отырар» және «Бекзат» мөлтек аудандарының тұрғындарына Конституциялық реформаның мән-маңызын айтып, азаматтардың талап-тілектерін де тыңдады. Түркістан облыстық «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасында шағын және орта бизнес өкілдерімен жиын өткізді. Оған облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы, облыстық штабтың төрағасы Бейсен Тәжібаев, аталған мекеменің директоры Тимур Нақыпбеков және облыстық мәслихат депутаттары Х.Қожабаев пен И.Намазбаева да қатысты. Кездесу барысында депутатқа бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылды. Референдум жайлы жаңалықтарды жеткізді.
— Біз өмірімізге өзгерістер енгізбей «Жаңа Қазақстанды» құра алмаймыз. Ұран мен сөз күйінде қалмауы үшін нақты істер жүргізуіміз керек. Бұл референдумның ерекшелігі – өзгерісті халық жасайды. Яғни тікелей өзінің дауысымен өзгеріске үлес қосады. Сондықтан әрбір дауыс біз үшін өте маңызды. Мемлекет басшысы үлкен өзгерістердің бастамашысы болып, өзгерісті өзінен бастады. Ол өзінің өкілеттігін шектей отырып, өкілеттікті халыққа беріп отыр. Сондықтан әр қазақстандық қолдау көрсетуі керек,— деді
Қ. Абасов
Екі күн бойы Кентау жұртшылығымен кездескен С.Ертаев та түрлі сала өкілдеріне үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кентау қалалық емхана дәрігерлері және қызметкерлерімен, шаһардың кәсіпкерлерімен кездесті. Хантағы ауылында жаңадан салынып жатқан спорт залдың құрылысымен танысты. Қарнақ ауылындағы «Еңбек» ШҚ-ның «Сыбаға» бағдарламасы аясында жұмыс істеп тұрған 120 ірі қара мал фермасының жұмыс күші мен жай-күйін анықтауға да барды. Құсшы ата, Байылдыр, Ащысай ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, референдумды қолдауға шақырды. С.Ертаев Кентау қаласының 98 жастағы соғыс ардагерінің шаңырағына да арнайы барды. Ақсақалмен кездесу барысында облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева да болды. С.Ертаев елде болып жатқан өзгерістермен бөлісіп, қызықты сұқбат өрбітті. Ардагер депутаттарға ақ батасын беріп, ел амандығын тіледі.
Еске салсақ, 6 мамыр күні партия филиалдарының жанынан облыстық, аудандық және қалалық штабтар құрылып, мүшелікке 425 адам енді. Жалпы 3 маусымға дейін 1200-ге жуық кездесу өткізу көзделсе, облыстық штабтың өзінде 200-ден астам шаралар өткізу жоспарланды.
11 мамырда басталған партия жанындағы аймақтық және аумақтық штабтар референдумды ақпараттандыру-түсіндіру жұмыстарына қатысты 209 кездесу өткізді.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

14.07.2025

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025

Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы:

Глава государства:

14.07.2025
Мемлекет басшысы:

Мемлекет басшысы:

14.07.2025
IT-БУДУЩЕЕ НАЧИНАЕТСЯ ЗДЕСЬ: В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЁЛ ХАКАТОН «FUTURE MAKERS»

IT-БУДУЩЕЕ НАЧИНАЕТСЯ ЗДЕСЬ: В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЁЛ ХАКАТОН «FUTURE MAKERS»

14.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған