• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 15 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ ҚХА СЕССИЯСЫНА АТТАНДЫ

27.04.2022
in Басты ақпарат
ШЫМКЕНТТІК ДЕЛЕГАЦИЯ ҚХА СЕССИЯСЫНА АТТАНДЫ

Бүгін Шымкент әуежайынан Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ және ХХХІ сессиясына арнайы делегация аттанды. Сессияға Шымкент қаласынан 24 делегат қатыспақ.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

14.07.2025

Отырардағы жиын: Арыс пен Отырар кәсіпкерлерінің сабыры сарқылды

11.07.2025
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕЛ ТАРИХЫНДА АЛҒАШ РЕТ 32 МЫҢ ГЕКТАР ЖЕРГЕ ТАМШЫЛАТЫП СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

11.07.2025

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы екі күнге жоспарланған. 28 сәуірде ҚХА-ның ХХХ сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісіндегі бос депутаттық орынға сайлау өткізілсе, 29 сәуірде «Ел бірлігі — жаңарған Қазақстанның тірегі» тақырыбында ХХХІ сессия өтетін болады.

Сессия жұмысына республиканың барлық өңірлерінен арнайы делегаттар қатысады. Шымкенттік делегация құрамында ассамблея құрамына кіретін қала басшылығы, мәслихат депутаттары, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, ҚХА жанындағы құрылым басшылары мен «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігінің басшысы бар.

— Биылғы сессияның орны ерек. Себебі, пандемия жағдайына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өткізілмей қалды. Яғни, биылғы сессия Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының төрағалығымен өткізілмек. Сонымен қатар, биыл Қазақстанда жаңа реформалар жүзеге асырылуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамындағы әрбір этнос өкілі жаңа Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатын болады. Біз кезекті сессиядан жаңа леп, жаңа серпін күтеміз, — дейді Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Роза Пак.

Қазіргі таңда қалада жалпы саны 17 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бүгінде олардың 15-і аккредитациядан өткен. Сонымен қатар,
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанында қоғамдық негіздегі құрылымдар да жұмыс істейді. Олардың қатарында Қоғамдық келісім, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі және Ақпараттық-насихаттық, ғылыми-сарапшылық топтар, «Ассамблея жастары» РҚБ Шымкент қалалық өкілдігі, Журналистер мен блогерлер клубы бар.

«Шымкент келбеті» — Замира АЛДАБЕРГЕНОВА.
Суретті түсірген Серік ҚОСАЕВ.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы:

Глава государства:

14.07.2025
Мемлекет басшысы:

Мемлекет басшысы:

14.07.2025
IT-БУДУЩЕЕ НАЧИНАЕТСЯ ЗДЕСЬ: В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЁЛ ХАКАТОН «FUTURE MAKERS»

IT-БУДУЩЕЕ НАЧИНАЕТСЯ ЗДЕСЬ: В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЁЛ ХАКАТОН «FUTURE MAKERS»

14.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған