• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Жексенбі, 4 Маусым, 2023
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

AMANAT партиясы Президент Жолдауын қолдап, мәлімдеме жасады

16.03.2022
in Басты ақпарат
AMANAT партиясы Президент Жолдауын қолдап, мәлімдеме жасады

AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Мемлекет басшысы – Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылау үшін барлық өңірдегі партия активімен бейнеконференция байланысы арқылы кеңес өткізді.

Оқи отырыңыз...

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨК ТУДЫ ӘУЕЛЕТКЕН АВТО ЖӘНЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

04.06.2023
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДАРЫНА «РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫН» ТАРТУ ЕТТІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДАРЫНА «РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫН» ТАРТУ ЕТТІ

04.06.2023
ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛЫП, РУХТЫ ОЯТАТЫН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛЫП, РУХТЫ ОЯТАТЫН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

04.06.2023

Кездесу барысында Асхат Оралов Президенттің реформалары мен бағытын қолдайтын AMANAT партиясының мәлімдемесін жариялады.

Мәлімдемеде биыл қасіретті қаңтар оқиғасын бастан кешкен Қазақстан халқы сын сағатта жұдырықтай жұмылып, радикализм мен экстремизмді қолдамай, прогресс пен игі өзгерістер жалғасын табуын қалағаны айтылды.

 «Еліміз дамудың жаңа кезеңіне – Жаңа Қазақстанға аяқ басты. Бұл біздің сан ғасырлық терең тарихымыздағы бетбұрысты және тағдыршешті сәт. Мұндай жағдайда сындарлы өзгерістер мен эволюциялық жаңғыру ғана қиындықтарды еңсеріп, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Ел мен халық алдында тарихи жауапкершілік алған Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, елімізді саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды реформалар жоспарын ұсынды», — деді Атқарушы хатшы.

Ол АMАNАТ партиясы Президенттің жүйелі және кең ауқымды реформаларын толығымен қолдайтынын атап өтті. Осылайша, Мемлекет басшысының реформалары аясында партия өзгерістерді өзінен бастап, ішкі трансформацияны қолға алды.

«Біз реформалар бағытына балама жоқ екеніне сенімдіміз. Саяси либерализация және әлеуметтік әділеттілік – бұл азаматтардың өтініштеріне дер кезінде берілген жауап. Біз барша қазақстандықтарды бірлік пен ынтымаққа, барлық қоғамдық-саяси күштерді топтасуға шақырамыз. Біздің бірлігіміз нығайғанда ғана Тәуелсіздік пен Мемлекеттілікті берік етіп, ортақ Отанымыз бен  барлық азаматтардың әл-ауқатын арттыра аламыз!», — деп атап өтті Асхат Оралов.

Республикалық жиын барысында бүгін Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған шараларды іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ бейнеконференция байланысы арқылы өткен жиында Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстық филиалдарының атқарушы хатшылары Мұрат Мұқаев пен Бекзат Алтынбеков, Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Гульнар Тойлыбаева, Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева және Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Айгүл Байжанова сөз сөйледі. Олар Президент жүйелі проблемалармен күресудің нақты тиімді тетіктерін ұсынғанын атап өтті. Мемлекет басшысының саяси бастамалары елді одан әрі дамыту және қоғамдық келісімді нығайту үшін өзгерістер жасаудың маңызды әрі өзекті екенін көрсетеді.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНДЕ КӨК ТУДЫ ӘУЕЛЕТКЕН АВТО ЖӘНЕ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ

04.06.2023
ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДАРЫНА «РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫН» ТАРТУ ЕТТІ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТЫҚ ТҮЛЕКТЕР АУЫЛДАРЫНА «РӘМІЗДЕР АЛЛЕЯСЫН» ТАРТУ ЕТТІ

04.06.2023
ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛЫП, РУХТЫ ОЯТАТЫН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ҰЛЫҚТАЛЫП, РУХТЫ ОЯТАТЫН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ

04.06.2023
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2022. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған.

Are you sure want to unlock this post?
Unlock left : 0
Are you sure want to cancel subscription?