• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Вторник, 17 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ЗАМАНАУИ ҚОНДЫРҒЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

02.02.2022
in Басты ақпарат
ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ЗАМАНАУИ ҚОНДЫРҒЫМЕН ТОЛЫҚТЫ

Шымкент қалалық перинаталдық орталығы заманауи жаңа құрылғылармен толықты. Шаһардың денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Auto Delfia және Fish деп аталатын жаңа құрылғылар қызметке кірісе бастады. Олардың көмегімен құрсақ ішіндегі баланың генетикалық ауруы анықталады.
Қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Тимур Варзиловтың айтуынша, аталмыш құрылғылар сатып алынған. Солардың көмегімен генетикалық ауытқушылықтарды анықтау жеңілдей түскен. Яғни жүкті әйелдерді генетикалық зерттеуден өткізуге байланысты медициналық қызмет түрінің сапасы анағұрлым жақсарған. Ал құрылғылар зертханалық талдаманы 99,9 пайыз дәлдікпен анықтап береді. Генетикалық зерттеуге негізінен хромосомалық ауруға бейім жүкті әйелдер тобы жатады. Сондай-ақ бас дәрігер перинаталдық орталықта білікті мамандардан құралған консилиумдық топ жұмыс істейтінін атап өтті. «Басты мақсат — ана денсаулығы мен өмірге сау баланың келуі» дейді Тимур Исабалұлы.
Мелициналық генетика бөлімшесінің меңгерушісі Нұрбибі Сүйіндікова күніне 100-150 , айына 2000, жылына 25 000-дай генетикалық талдау жүргізілетінін жеткізді. Оның айтуынша, Auto Delfia құрылғысымен хромосомалық дертке шалдығу қатерін жүктіліктің 11-13 аптасында алдын ала болжауға болады. Егер құрсақтағы балада генетикалық ауруы анықталса, мұндай жағдайда дәрігерлер жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтатуға кеңес береді.
Auto Delfia заманауи қымбат құрылғы болғандықтан оның тілін жетік меңгеру үшін перинаталдық орталық маманы Гүлжан Сиқымбайқызы Алматыдағы генетикалық орталықта арнайы тағылымдамадан өткен. Оның алдында 2017 жылы Финляндияда Delfia медициналық құрылғылар жүйесі боынша бір апталық курс оқыған. Г.Сиқымбайқызы осы медициналық аппарат келгелі генетикалық талдаулар жүргізу жұмысы әлдеқайда жеңілдегенін және зерттеу уақыты да қысқара түскенін жеткізді. Мәселен, бір мезетте Auto Delfia көмегімен 800 жүкті әйелдің генетикалық сынамаларын жасауға болады. Сонымен бірге қос құрылғының бр ерекшелігі адами фактор ешқандай рөл ойнамайды және зерттеу жұмыстары толығымен автоматтандырылған. Өз кезегінде мұндай заманауи медициналық қондырғылар Шымкент қаласында тек осы перинаталдық орталығында ғана бар.
Перинаталдық орталықтың меициналық қызметін жоғары сатыға көтерген екінші құрылғыға Fish диагностикалық аппараты жатады. Цитогенетикалық зертхана бөлімінде орналасқан құрылғы құрсақ ішіндегі балалардың хромомомалық ауруларын дәлме-дәл анықтайды. Алдыңғы құрылғы болжам жасаса, бұл аппарат генетикалық дерттің барын нақты айтып береді. Осы құрылғымен жұмыс істейтін цитогенетик маман Гүлнар Доланова бұрынғы ескі тәсілде генетикалық талдамалардың қорытындысын анықтауға бір апта тіпті одан да көп уақыт жұмсалған болса, қазіргі заманауи әдіс арқылы бір тәуліктің ішінде талдау нәтижесін білуге болатынын атап өтті. Fish диагностикасында талдамалар жүктіліктің 16-20 аптасында сыналады.
— Хромосомалық ауруларға Эдварц, Потау, Даун, Тернер және Кляйн фельтер синдромдары жатады. Мұндай дертпен туылған сәбилердің ақыл-есі кем болады. Сондықтан хромосомалық ауытқуларды ерте бастан анықтаған жағдайда әйелдерге жүктілікті үзуге кеңес береміз. Қаладағы 45 емхананың бүкіл генетикалық сынамалары осы перинаталдық орталықта зерттеледі. Статистика бойынша әйелдердің босану көрсеткіші біршама жоғарылаған, соған қарамастан генетикалық дертке ұшыраған сәбилер саны 0,1 пайызға төмендеп отыр, — деді перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі Н.Сүйіндікова.
Дәрігердің айтуынша, хромосомалық ауытқушылық қатеріне көбірек ұшырайтындарға 37 жастан асқан, отбасында немесе әулетінде генетикалық дертпен ауыратын мүшелері бар, УДЗ және биохимиялық перинаталдық скринингісінде аномальді көріністер байқалған жүкті әйелдер тобы кіреді.
«Шымкент келбеті» — Әнуар ЖҰМАШБАЕВ,
фото: Серік ҚОСАЕВ.

Оқи отырыңыз...

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Определились лучшие товаропроизводители Шымкента

13.06.2025
Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

Шымкенттің үздік тауар өндірушілері анықталды

13.06.2025
ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ӘКЕЛЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ТӨРАЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

13.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер

ТҮРКІСТАН: Тұрғын үй кезегіндегі өзгерістер

16.06.2025
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ: АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ СЕНІМДІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

КАЗАХСТАН И КИТАЙ: ПРОЧНЫЕ СВЯЗИ В АТОМНОЙ ЭНЕРГЕТИКЕ И СТРАТЕГИЧЕСКОМ ПАРТНЕРСТВЕ

16.06.2025
ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ: АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ СЕНІМДІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ: АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ САЛАСЫНДАҒЫ СЕНІМДІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕРІКТЕСТІК

16.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған