• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 11 мая, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

КЕЛЕШЕК — ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТА

25.01.2022
in Басты ақпарат
КЕЛЕШЕК — ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде техникалық мамандықтарға басымдық беру керек деген тапсырмасына орай БАҚ өкілдері баспасөз туры барысында қаладағы политехникалық колледж бен №6 арнаулы оқу орнының жұмысымен танысты.
Политехникалық колледж «Жас маман» жобасына іріктелген шаһардағы арнаулы оқу орындарының біріне кіреді. Мұнда техникалық мамандықтар, соның ішінде «Жас маман» жобасы аясында радиотехника және байланыс, сондай-ақ электрмен қамтамасыз ету мамандықтары тереңдетіліп оқытылады.
Радиотехникадан дәріс беретін ұстаз Есімхан Досжанов пен шәкірті Даниял Мақсатұлы мамандықты оқытуда қолданылатын зертханалық, тәжірибелік құрал-жабдықтармен таныстырып шықты. Оған зертханалық модуль, аксилограф, активті идентификатор, оптикалық рефлектометр, Fitel S 179 аппараты, оптикалық муфта секілді құрал-жабдықтар жатады.
Электрмен қамтамасыз ету мамандығында электр желісін монтаждау, үйге домофон орнату секілді жұмыстарды тәжірибе жүзінде үйретеді.
Жоғарыда аталған құрал-жабдықтарды «Жас маман» жобасы аясында сатып алуға мемлекет есебінен 288 млн. теңге бөлінгені туралы Политехникалық колледж директорының орынбасары Әлібек Беков айтып өтті. Колледж зертханалық стендтер арқылы радиобайланыс пен электр энергиясы мамандықтарын тереңдетіп оқытуға айрықша мән береді.
Қаладағы №6 колледжде аспаз, кондитер, наубайшы, азық-түлік өнімдерін сатушы мамандықтары оқытылады. Колледж шәкірттері шаһардағы «Рахат» фабрикасы, «Мадлен», «Ладушки», «Магнум», «Кәусар» өндіріс орындары мен сауда және тамақтану желілерінде жұмыс істеуде. Сондай-ақ аталған оқу орнында ресторандық сервис қызметіне де үйретеді. Оқу бітірген түлектердің көпшілігі тұрақты жұмысқа орналасады.
Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиеваның айтуынша, мегаполисте 32 колледждің 24-і техникалық бағытта білім береді. Мемлекеттік тапсырыс аясында 5702 студент тегін білім алады.
— Басқарма тарапынан қаладағы ірі құрылыс кәсіпорындармен келіссөздер жүргізудің арқасында 1604 мамандыққа сұраныс бар екені анықталды. Сондықтан осы мамандықтарға даярлау үшін техникалық колледждерге қысқа мерзімді оқу курстарын ұйымдастырдық. Ол тас қалаушы, құрылысшы, сылақшы секілді мамандықтар. Бұрын оқу бітірген түлектердің жұмысқа орналасқанын зейнетақы қоры арқылы біліп отыратынбыз. Қазір анықтау тәсілін өзгерттік. Соның бір дәлелі, 27 кәсіпорынмен тікелей келісімшартқа отырдық. Сондай-ақ алдағы іс-шаралар жоспары бойынша заңгер, экономист секілді мамандықтар қысқаратын болады, — деді Жанат Арысбекқызы.
Әнуар ЖҰМАШБАЕВ.
Фото Серік Қосаев.

Оқи отырыңыз...

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

Как работает маркировка лекарств в Казахстане: от производителя до покупателя

10.05.2025
2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

10.05.2025
ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ 

09.05.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған