Соңғы екі жылда Шымкентте денсаулық сақтау ұйымдарының материалды техникалық базасын нығайтуға 12,8 млрд. теңге бөлінді. Техникалық база 78,4 пайызға жаңарды.
Сонымен бірге жеке инвестициялар есебінен медициналық орталықтарға 5 компьютерлі томограф орнатылды.
2020 жылы қалалық перзентхана, №2 қалалық аурухана, «Ана мен бала» орталығы, №1, №9 емхана ғимараттары күрделі жөндеуден өтті. Жаңадан 200 орындық қалалық инфекциялық орталық ашылды. Жедел жәрдемнің автокөлік паркі 100 пайызға жаңарып, диспетчерлік орталық іске қосылды.
2021 жылы 3 жекеменшік емхана және 1 оңалту орталығы ашылып, қызмет көрсетуде. Үш инсульт орталығы науқастарды қабылдап жатыр.
Шымкентегі қалалық диагностикалық орталығына жаңа компьютерлік томография аппараты сатып алынды. 128 кесінді мультиспиралды қондырғы бюджеттен тыс қаражат есебінен орнатылды.
Заманауи компьютерлік томография диагностиканың дамуы жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясын, кеуде қуысы мүшелерінің патологиясын және аурудың дамуының ерте кезеңдерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді және емдеуді жақсартады.
Жаңа қондырғы арқылы қала тұрғындары ТМККК шеңберінде және медициналық сақтандыру аясында тегін тексеруден өте алады. Бұл үшін пациентке жергілікті емханасынан жолдама қажет.
Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы №2 оңалту орталығы тіркек қимылы бұзылған балаларды емдеуге арналған «E-helper» заманауи медициналық апппаратымен толықты. Қаламызда алғаш рет қолданылғалы отырған экзоскелет құрылғысы аяқтың әлсіздігін, үйлестіру бұзылыстары бар науқастарды, инсульт, склероз, паркинсон, сал ауруы, жұлын және бас миының жарақаты, кардиологиялық ахаулар мен ковидтен кейін пайда болған асқынуларды емдеуге септігін тигізеді.
Бұдан өзге «Асар» шағынауданындағы қалалық клиникалық балалар ауруханасы тағы да жаңа бөлімшемен толықты. Ауруханада 20 төсек орынға лайықталған онкогематология бөлімшесі ашылды. Бұған дейін онкогематология патологиясы бар науқас балалар Нұр-Сұлтан, Алматы Түркістан облысындағы ауурханада ем алатын. Енді ондай диагнозы бар пациенттер ем іздеп алысқа сабылмайды. Жаңадан ашылған онкогематология бөлімшесі 20 төсек орынға лайықталған. Мұнда жұмыс істейтін мамандар біліктілігін арттырып, арнайы оқытудан өткен. Сондай-ақ науқастарға нақты диагноз қойып, емдеу шараларын жүргізу үшін мединацалық ұйым ішінде диагностикалық зертхана жұмыс істейді.